Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ұлттық банк тамыз айында өзінің мобильді жедел төлем жүйесін тестілеуден өткізеді

Ұлттық банк тамыз айында өзінің мобильді жедел төлем жүйесін тестілеуден өткізеді

Алматы. 5 маусым. 7kun.kz - ҚР Ұлттық банкі ұялы телефон арқылы жедел төлем жүйесінің жобасын әзірледі және оны 2018 жылдың тамызында пилоттық режимде тестілеуді жоспарлап отыр, деп мәлімдеді Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов.

«Қолма-қол жасалмайтын төлемдердің үлесін ұлғайту үшін банктік және банктік емес төлем жүйелерін дамыту қарастырылған. Осы орайда Ұлттық банк ұялы телефонды пайдалану мүмкіндігі арқылы жедел төлем жүйесінің жобасын әзірледі.

«Жүйе келесі қағидаттарға негізделеді: ұялы телефон нөмірі арқылы төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру; төлемдерді дереу ресімдеу және алушыға ақша аудару; тәулік бойы жұмыс; банкаралық комиссияның жоқтығы. Жүйені пилоттық режимде тестілеу 2018 жылдың тамыз айында жоспарланып отыр», - деді Т.Сүлейменов Астанада өткен үкімет отырысында.

Ол, сондай-ақ «Қазпочта» өз кезегінде карточкалық үрдіске негізделген банктік емес төлем жүйесін құрып жатқандығын айтты. Ол - «электрондық әмиян». Онда идентификатордың рөлін SMS-кодты алатын азаматтың телефон нөмірі жүзеге асырады.

«Post.kz» сайтында тұтынушы алдымен тіркеліп, сосын «электрондық әмиянды» ашады. Оны «Қазпочта» АҚ-ның картасымен немесе басқа банктің картасымен толтырады.

Айта кетерлігі, электрондық әмиян 2018 жылдың мамыр айында іске қосылды және ұялы байланыс, коммуналдық қызметтер, айыппұлдар, салықтар, коммуналдық қызметтер және т.б. үшін ақы төлеуге қолданылады.

«Қазпочта электронды сауда-саттықта тауарлар сатуға арналған электронды әмиянды пайдалануды жоспарлап отыр. Пилоттық ұшыру 2018 жылдың тамызында болады», -  деп хабарлады Экономика министрлігінің басшысы.

Похожие материалы