Ақша – ол ерекше тауар, қоғамдағы эквивалент қызметін атқаратын және жалпыға бірдей балама, басқа тауарлардың жалпыға бірдей баламалық құнының нысаны.
Әрбір кәсіпкер өзінің жұмысында үнемі ақша бірлігімен қарым-қатынаста болады. Ақша тарихи категория, тауарлық өнім. Ол натуралдық шаруашылықтың тауарлық шаруашылыққа ауысу кезеңінде пайда болады. Осы ауысу кезеңіне себеп болған адамдардың шығарылған өнімдерінің артық болып, «айырбастау» процесінің шығуы. Айырбастау үшін өнім «тауарға» айналды. Сөйтіп натуралдық-өндірістік орнына тауарлы өндіріс келді.
Тарихи ақшаларға тауарлар жатады, бұл тауарлар күнделікті айырбастауда эквивалент болып келді: мал, тұз, шай, бидай, күріш, жүн, еңбек құралы, сәнді бұйымдар, бақалшақтар. Уақыт өте келе ақша қызметін металлдар атқарды.
Осы монеталардың пайда болуы –ақшаның құрылуындағы соңғы кезең болып табылады. Металдар мыс, күміс, алтын түрінде болды. Орта ғасырларда қағаз ақша Қытайда алғашқы рет пайда болды.
Ақша бес түрлі қызмет атқарады:құн өлшемі, айналыс құралы, қор және жинау құралы, дүниежүзілік ақша.
Ақша пайда болғаннан бері бірнеше рет өзгеріске ұшырады, бірақ ішкі мағынасы өзгерген жоқ. Мынадай түрлері бар: метал ақша, қағаз ақша несие ақшалары.Ақша тауарлы өндіріске қызмет етеді, сондықтан ақшаның қызметінің нәтижесі және оның осы өндірістегі маңызы болады. Мемлекет өзінің кіріс шығысының бәрін ақшаға шағып, өзінің керегіне жарату үшін бюджетке тиісті түсімдер түіруі үшін ақша маңыздылығы мен қажеттілігі мол. Әрбір жанұя тұрмысына қажетті нәрселерін ақшаға шоғып, өзінің ақшалай табысымен байланыстырып, қандай бағамен затты сатып алу мүмкіндігін реттеп отырады. Халықаралық экономикалық қарым-қатынастар іске асыру үшін және экспорттың, импорттың опервцияларды жүзеге асыру үшін ақшаның пайдасы мол. Ақша қолайлы әрі күрделі ғимараттар, жабдықтар, фабрикалар мен зауыттарды, жерді де сатып алуға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде ақша нарықтық экономикада ақша несиелік реттеуде айналыстағы ақша массасының өсуін тежеу, инфляцияның процестерді жеңу және ұлттық жалпы өнімді ынталандыру бағытын да қолдануда.
Ақшаның даму тарихы мен эволюциясы.
Ақшаның шығу тегі.
Ақша ежелгі заманда пайда болды. Олар тауар өндірісінің дамуындағы бірден-бір шарт және өнім болып табылады. Экономикалық санат ретінде ақша натуралдық шаруашылықтан, тауарлы шаруашылыққа ауысу кезеңінде пайда болды. Натуралдық шаруашылық шығарылған өнімнің түгелімен өндірушінің жеке басының керегіне жаратылған кезең. Уақыт өте келе өндіріс құралдарының жетілуіне байланысты немесе табиғаттың өзі туғызған жағдайына байланысты (мысалы, бір жерде егін, басқа жерде мал өсіру пайдалы, ал үшінші жерде балық аулау пайдалы) адамдардың шығарған өнімдерінің саны олардың жеке басына керкгінен асуы басқа өнімге айырбас алу мүмкіншілігін тудырды. Осының нәтижесіде «айырбастау» деп аталатын процесс шықты. Айырбастау үшін өндірілген өнімнің «тауар» деп аталатын болған соң, натуралдық өндірістің орнына тауарлы өндіріс пайда болды. Тауар- бұл сату немесе айырбастау үшін жасалынған еңбек өнімі. Адам еңбегінің өнімі, оны өндірушілердің белгілі қоғамдық қатынастарын тудыра отырып, тауар формасын қабылдайды. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы объективті алғышарттарыды құрады. Әрбір тауар қажетті тұтыну құнын алу құралы бола отырып, өзінің өндірушісіне қатынасы бойынша айырбас құны ретінде көрінеді. «Айырбас құн тауарлардың өзінен бөлініп шыққан және олармен бірге өз бетінше өмір сүретін, ол ақша».
Тауар өндірісінің дамуы барысында кездейсоқ айырбас жиілінеді. Жалпы тауар массасының ішінен барынша жиі айырбасталатын тауардың бөлініп шығуымен құнның жай формасы толық формаға өте бастады. Мысалы, бидайдың етке, майға, жүнге және тағы басқаға айырбастауға мүмкін болды. Тауар өндірісінің дамуына байланвсты неғұрлым жиі айырбасталатын тауар барлық басқа тауарлардың бір-бірімен өзара айырбасталу құралы болып табылады. Осыдан келіп, құнның толық немесе көлемдегі формасынан жалпы құндық формасына жасырын түрде өту басталды. Біртіндеп жалпы құндық эквивалент ролін белгілі бір тауарлар атқара бастады және осы тауарлар ақша аталынды. Құнның жалпы құндық формасы ақша формасына айналды.
Жалпыға ортақ эквивалент роліг атқаратын тауар үшін әр түрлі халықтарда және сол бір халықтың өзінің тарихының әр түрлі даму кезеңдерінде жалпыға бірдей құн эквивалентін әр түрлі өнімдер атқарды. Мысалы: Ежелгі Гректер, Римдіктер, Славяндар ақша орнына мал пайдаланған; Скандинав елдерінде, ежелгі Орыстар-аңның, болмаса малдың терісін пайдаланған. Қытайда-тұз; Монғолияда-щай, т.с.с. Табиғат жағдайына байланысты нақты сол ортада айырбас құралы болды. Шалғын аудандарда-жылқы, сиыр, қой; ал шөл және шөлейт аудандарда- түйе; тундрада- бұғы жалпы эквиваленттік қызмет атқарды.Оған нақты дәлелдер қолжазбаларда, қазба жұмыстарының нәтижелерінде табылған заттарда, поэзияларда кездестіреміз. Гомердің көне Трол батырлары туралы поэмасында өгізді құн өлшемі ретінде пайдаланғаны жайында айтылады. Осы уақыттарда металдан жасалынған ақшаларда «өгіз» деген атау ойып өрнектеліп жазылып жүрді. Латынның сөзі «пекуния» (ақша) «пекус» (мал) сөзінен шыққан. «Рупа» («мал») сөзі үнділердің ақша бірлігінің атауы «рупия» негізінде жатыр. Ежелгі Русьтарда да ақша металл ақшаларға ауысқаннан кейін де «мал» деген атауға ие болды. Ярослав Мудрый 1018 жылы былай деген «біздің жинаған малдарымыз: ерлердің 4 күн, старостолардың 10 гривен және боярлардан 18 гривеннен тұрады». Олкездегі қазына малы «малшы», қазына жинау орны – «маол ұстайтын орын» деп аталынды. Ежелгі скандинавтар, солтүстік Сібір халықтары, Солтүстік Америкада аң жүндері, құс жүндері ақша эквиваленті ретінде пайдаланылды. Жылы теңіз жағасында мекендеген тайпалар ақша ретінде бақалшақтарды қолданған. Тарихта олардың атауы қалған: чангоз, цимбис, хайква, және т.б. Бақалшақтар Үндіқытайда, Америка Шығыс жағалауларында және басқа аралдарда ақша қызметін атқарған. 20 ғасырдың 70-жылдарының басында Соломон аралдарының кейбір тұрғылықты тұрғындарының ақша айналысы ретінде бақалшақтардың үш түрі: ең арзаны-қара түсті (курила), ақ түсті (галиа), аса қымбат қызыл түсті (ронго) пайдаланылды. Әлемде әр түрлі «экзотикалық» ақшалар болған. Юлий Цезарь патшалығының тұсында құлды ақша ретінде үш сиыр, алты бұзау, он екі қойға теғестірілді. Өсімдік өнімдері зәйтүн майы, күріш, кофе, какао т.б. ақшаның орнына қолданған.
Металл ақшалардың артықшылығы, олар- біркелкі, төзімді, ұсақталынады. Бұл ақшаның таралуымен ақша есебінің салмақтық жүйесі нақтылана түсті. Кейін алтын мен күміс металл ақшалары тиімді болды. Темір ақшалар ретінде күрек, шеге, шынжыр, т.б. формалары анықталды. Грек ақшасының атауы «драхма» бір шеге деген мағынаны білдірді. Б.э.д. 13 ғасырда салмағы көрсетілген құймалар: ливр, фунт, стерлинг пайда болды.
Көне дәуірден ата –бабамыз айырбаспен қатар сауда мәдениеті өркендегенде тауар айналымына металл ақшаны пайдаланылды. Ежелгі Қазақстанда vii-viii ғасырда мәдениеті орталық Сырдария түрік әміршілері, Отырар мен жетісуда түркештер мен тухсилер темір ақшаны шығарған. Кеңес заманында Қазақстанда ақша реформасы 1947 және 1961 жылдары жүргізілді. 1 рубль құнындағы күміс мәнеттер, 50 тиындық шығарылды. Егемендігімізді алғаннан кейін 1993 жылдың наурыздың «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі» туралы заң қабылданды. Ұлттық валютаны жасау еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жеке басшылығымен жүргізілді және осы мәселе бойынша барлық шаралар қатаң құпияда сақталынды әрі жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Бізге таныс қағаз ақша алғашқы рет Қытайда пайда болды. Ол туралы Марко Поло 1268 жылы Қытайға барып келгеннен кейін айтады. Европада қағаз ақша 18 ғасырда шығарылды. Ал, Ресейге ассигнация 2 Екатерина кезінде енгізілді. Ақшаның айналуы өзіндік құны бар ақшаны құны жоқ, қағаз ақшаға ауыстырғанда күшейе түсті. 1976 жылдың қаңтарында Ямайкада өткізілген халықаралық валюта қорына мүше елдердің келісімі бойынша әрбір елдің ақшасының алтынмен салыстырғандағы құны жойылды. Осының бәрі қазіргі жағдайда ақша айналымының өз алдына өтетінін, сөйтіп ақшаның өз алдына экономикалық санат болып шыққанына айқын дәлел болып табылады. Кеңес Одағы таратылғанға дейін Кеңес рубілінің алтын құны (поритет) 0,98742 гр таза алтынға бағаланатын. Бұл тәртіп Ресей Федерациясында 1992 жылы жойылды, ал Қазақстанның теңгесінің, о бастан алтын бағасы болмады. Қазір, ешбір елдің ақшасының алтын бағасы жоқ.
Сонымен ақшаның пайда болуына алдын ала екі экономикалық жағдай туғызылды:
- натуралдық шаруашылықтың орнына тауарлық шаруашылық келді. Осыған байланысты айырбастау операциясы өріс алды.
- өнім өндірушілердің арсында бір жағынан мүліктік жекеленушілік пайда болджы, екінші жағынан белгілі бір түрлі тауар өндіруге мамандандырушылық туды.
Ақшаның пайда болуы айырбастау процессіне де бірқатар өзгерістер енгізді.
Біріншіден, ақша шыққаннан кейін тікелей тауар айырбастаудың тар шегі біраз кеңейтілді, яғни базар пайда болды, ал ол базарда бірнеше тауар иелері қатынасады.
Екіншіден, айырбастау процессі әр уақытта істелетін екі әрекетке айналды.
Үшіншіден, несиенің пайда болуына әсер етті. Монетаның пайда болуы металдан соғылған ақшаның сыртқы пішінің қалыптасуындағы соңғы кезең болды.
Құн формаларының дамуы.
Алғашқы қауымдық құрылыстың өрістеген шағында, яғни бір қауым өзінің тұтынуынан артылған кез келген өнімін анда санда, кездейсоқ кездескенде басқа қауымнын өніміне айырбастағанда құнның алғашқы формасы – құнның қарапайым, жеке немесе кездейсоқ формасы көрінеді. Мысалы, 1 өлшем астық 1 қойға және т.б айырбасталды немесе Т=Т. Бұл тендікте бір тауардың құны екінші тауарға айырбасталғанда көрінеді. Тосынан қарағанда айырбаслатың екі тауардың ролі бірдейй сияқты. Ал шын мәнінде екінші тауар (мысалда қой) бірінші тауар (астық) құнының көрінісі, яғни ол бірінші тауардың құнын білдіретін материалдың ролін атқарады. Өз құнын басқа тауармен көрсететін тауар (екінші) құнның салыстармалы формасында болады. Ал екінші тауардың құнын білдіретін тауар (бірінші) құнның баламалы формасында болып, оның эквиваленті, яғни баламасы болып есептеледі.
Құнның бұл формасы, аты айтып тұрғандай айрбас процессінін алғаш пайда болған кезені, оның көп тарамай кездейсоқ сипатта болған кезіне сай келеді. Бұл кезенде эквивалент ролін кез келген әр түрлі тауарлар атқарады.
Тауар өндірісі дамыған сайын кездейсоқ айырбас тұрақты процеске, ал айырбас құнның қарапайым түрі толық немесе дамыған түріне айналады. Егіншіліктен мал шаруашылығының бөлінуі, яғни алғашқы ірі қоғамдық еңбек бөлінісі нәтижесінде мал кездейсоқ емес, қайта басқа тауарларға мол айырбасталатын болады. Енді басқа тайарлар малға айырбастырылғанда, кездейсоқ тауарлар емес, қайта айырықша эквиваленттер ретінде жүреді. Олардың әрқайсысы мал тенестірілетін көптеген эквиваленттердің бірі болып, айырбас мынандай формаға енді: 1 қой = 4 қап астыққа немесе 1 балтаға немесе т.с.с. тауарларға тен болады. Айырбас дамуының жаңа сатысын білдіретін формасы құнның толық немесе кеңейтілген формасы деп аталады.
Құнның екінші формасы тауарлы өңдірістің ұлғайып, одан әрі нығаюын, өндірістік байланыстардың өндірістеуін сипаттайды. Бұл сәтте өнім өндірущілер тауарлар арасындағы сандық ара қатынастардың дәлдігіне айырықша иән беретін болады, өйткені, айырбас процессі тауарларды өндіруге жұмсалған еңбекті өтеуде барған сайын зор роль атқарады.
Қоғамдық еңбек бөлінісі одан әрі дамуы адамдардың қол өнер кәсібімен шұғылданып, енді еңбек құралдарының дамуымен байланысты олардың еңбек дағдылары да жетіле бастады. Бұл кез, яғни егіншіліктен қолөнер кәсіпшілігінің бөлініп шығуы ғылымда екінші ірі қоғамдық еңбек бөлінісі деп аталады. Осының нәтижесінде өндіргіш күштер дамудың жаңа сатысына көтерілді. Кәсіпшілікте тас қалаушылар, ағаш ұсталары, құмыра жасаушылар, металл өңдейтін шеберлер және с.с. мамандықтар мен кәсіптер пайда болып, өндірісте ұста көрігі, құмыра, арба, тоқыма стакногі, қол диірмен, аттұрмандары сияқты көптеген еңбек құралдары әзірлeніп, пайдалана басталды.
Сөйтіп тауар өңдірісінің өсуі, айырбастын жиілігі мен жүйелілігі барлық тауарлар арасынан бір тауардың бөлініп шығуына әкеліп соқтырды. Бұл таурға басқа тауарлар көбірек, әрі жие алмастырылып, ол қалған тауарлар үшін эквивалент, яғни жалпыға ортақ балама тауар болады. Сөйтіп, құнның кеңейтілген формасы біртіндеп құнның жалпыға ортақ формасына айналады. Оның формуласы мына сипатқа ие болды:
4 қап астық
1 балта
1 құмыра = 1 қой
және т.б.
Жалпыға ортақ эквивалент ролін атқаратын тауар үшін әр түрлі халықтарда және сол бір халықтың өзінің тарихының әр түрлі даму кезеңдерінде жалпыға бірдей құн эквивалентін әр түрлі өнімдер (мысалы, аң терілері, піл сүйегі, балық, мал және т.б) атқарды.
Қорыта айтқанда, өндіргіш күштерінің жетілуі айырбас процесін үздіксіз құбылысқа айналдырып, тауар айырбасталуының өмірлік мәнге ие болуы жалпыға ортақ құн эквивалентінің қажеттілігін туғызды. Бірақ ондай роль көп уақытқа дейін тек бір тауарға ғана бекітілген жоқ.
Уақыт өте келе және тауар өндірісінің өрістеуі айырбасты ұлғайтып, оның жергілікті нарықтың шегінен шығуына әкеп соқтырды. Бұл кезде құнның жалпыға ортақ эквивалент қызметін белгілі бір тауар атқара бастады. Ол тауар – ақша. Нәтижесінде құннын жалпыға ортақ формасы құнның ақшалай формасына ауысып, айырбас процесіне нақты орнықты. Оның формуласы:
1 қой
4 қап астық
1 балта =1 ақша өлшемі
1 құмыра
және т.б.
Сөйтіп ақша пайда болды.
Ақша деген тауардың жалпы эквивалентінің тиянақталған түрі, құнның эквиваленттік формасымен тұтыну құны біте қайнасқан ерекше тауар. Немесе ақша деген тауар өндіру мен оны айырбастау процесінде басқа тауарлардан бөлініп шыққан ерекше тауар, оның айырықша қызметі – барлық тауарларға ортақ балама (эквивалент) ролін атқару.
Ақшаның жалпы эквивалент және экономикалық категория ретіндегі түсінігі.
Ақша тауардың жалпы эквиваленті
Тауар – бұл сату немесе айырбастау үшін жасалынған еңбек өнім. Адам еңбегінің өнімі. Адам еңбегінің өнімі (зат), оны өндірушілердің белгілі қоғамдық қатынастарын тудыра отытып, тауар формасын қабылдайды. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы объективті алғышарттарды құрайды. Бірақ кез-келген зат тауар бола алмайды. Егер (нақты енбекпен белгіленген) тұтыну құны сатып алушысын таппаса немесе қоғам тарапынан мойындалмаса, онда оны дайындауға кеткен уақыттын рәсуа болғаны, мұндай бұйым тауарлық формаға ие емес, өйткені оның қоғамға қажеті шамалы. Сондықтан да әрбір тауар қажетті тұтыну құнын алу құралы бола отырып, өзінің өндірушісіне қатынасы бойынша айырбас құны ретінде көрінеді.
Айырбас құн тауарлардан өзінен бөлініп шыққан және олармен бірге өз бетінше омір сүретін тауар, ол ақша. Әрбір ерекше тауар міндетті түрде тұтыну құны ретінде көрінеді. Оның құны жасырын түрде болады және тек қана ақшаға теңестіру жолымен табылады. Тауарлар жіне ақшалар бір және осы тауар формасының нақты қарама-қарсы жақтары бола отырып, айырбас процесінде бір-бірін табады және өзара бір-біріне ауысады.
Алғашқы қауымдық құрылыс кезінде бір тауардын басқа бір тауарға кездейсоқ айырбастырылуы барысында, айырбас құнын жай немесе кездейсоқ формалары қолданылады (1 балта-5құмыра, 1 қой-1 қап бйдай және т.б.)
Тауар өндірісінің дамуы барысында кездейсоқ айырбас жиіленді. Жалпы тауар массасының ішінен барынша жиі айырбасталатын тауардың бөлініп шығуымен құнның жай формаға өте бастады. Мысалы: бидайды етке, майға, және т.б. айырбастауға мүмкін болады.
Тауар өндірісінің өсуіне байланасты неғұрлым жиі айырбасталатын тауар- барлық басқа тауарлардың бір- бірімен өзара айырбасталу құралы бола бастады.
Осыдан келіп құнның толық немесе кең көлемдегі формасынан жалпы құндық формасына жасырын түрде өту дбасталды. Бірақ оның ролі бір тауарға нық бекітілмеген еді.
Біртіндеп жалпы құндық эквивалент ролін белгілі бір тауарлар ақша деп аталынды.
Құнның жалпы құндық формасы ақша формасына айналды. Тауар айналасының тарихы эволюциялық даму процесінде жалпы құндық эквивалент немесе ресімделінбеген ақша формасын, әр түрлі тауарлар қабылдады. әрбір тауарлы – шаруашылық уклад өз эквивалентін алға тартады. Бір халықтың өзінде әр түрлі уақыттарда және әр түрлі халықтарда бір мезгілде әр түрлі эквиваленттер болды.
Сонымен, бірінші, ірі еңбек бөлінісінің нәтижесінде мал бағушылардың бөлініп шығуымен мал (ірі қара) айырбас құралыны айналды. Олардың белгілі түрлері табиғи – климаттық жағдайларға байланасты нақты сол ортада айырбас құралы болды.
Шалғынды аудандарда – жылқы, сиыр және қой, ал шөл және шөлейт аудандарда – түие тундрада – бұғы жалпы құндық эквивалент қызметін атқарады.
«Капитал» сөзінің шығуы да малмен байланысты, өйткені ескі герман тілінде бұл сөз мал басы санының көптігін білдіре отырып, меншік иесінің байлығын көрсетті.
Солтүстік халықтары ең бірінші тауар ретінде айырбас үшін жүнді пайдаланды. Ежелгі скандинавтар көлемі бойынша әр түрлі тауарлап сатып алу барасында құстардың, аңдардың жүндердін пайдаланды (үкі, түлкі және т.б.) құс жүндері солтүстік сібір халықтарында, ал аң жүндері Солтүстік Америка халықтарында жалпы құндық эквивалентретінде қолданылды. Жүн ақшалар Монғолияда,
Тибетте және Памир аудандарында кең көлемде таралды. Ежелгі Русьтардың арабтармен Хазарлармен, Византиямен сауда- саттық жасауы барысында жүн ең басты құралдардың бірі болды. Ежелгі Русь елінде жүн ақша жүйесінің бүгіні болып саналды. 1610 жылы жаулап алынған орыстардың әскери кассасында 5450 руб. күміс пен 7000 руб. жүн табылды.
Жылы теніздердін жағасын мекендеген тайпалар айналыс құралы ретінде бақалшақ (раковинді) ақшаларды пайдаланды. Тарихта бақалшақ алқалардың келесі атаулары сақталынды. Бұлар: чангос, цимбис, бонгез, хайква, және т.б. көлемі түймейдей ақшыл-қызғылт бақалшақ кари көптеп таралды.
Безеңдірулер түрінде жіпке тізілгендері Ежелгі Үнді елінде Қытайда, Үнді қытайда, Африканың Шығыс жағалауларында цейлонда және Филипин арлдарына алғашқы ақшалардың қызметін атқарды.
Американдық үнділердің белдіктерінде бақалшақ ақшалар құстардың, жыртқыш аңдардың келбет – кескінін көрсете өрнектеліп, былғары белдіктерге көрік береді. Бақалшақтарды Солтүстік Американың Тынық мұхит жағалауларында, Полинезияда, Каролин және Соломон аралдарында айырбас құралы ретінде пайдаланылады.
Әлемде әр түрлі экзотикалық ақшалар болған. Каролин аралдары тобына кіретін Яв аралында осы күнге дейін фен ақша айналысында қызмет етеді. Олардың формасы дөңгелекше тас түрінде келе отырып, диерменнің тасы еске түсіреді. Мұндай “монеталардың” диаметрі бірнеше метрге, ал массасы тоннаға дейін жетеді. Сауда мәмілесі орындалғғаннан кейін сатушы феяға бұрыңғы иесін белгісін өшіріп, өзінін белгісін соғады.
Юлий Цезарь патшалығының тұсында ақша ретінде құлдарды пайдаланалды. Сонымен бір құлдық құны үш сиыр, алты бұзау, он екі қойға теңестірілді.
Өнер мен жер игерушілердің бөлінуімен эквиваленттің жетілуі жалғасты. Бөлінушілік, біругішік, біркелкілік мінездемелері бар эквиваленттер пайда болды. Бұл аз бұзалатын өсімдік өнімдері – зәйтері майы, күріш, кофе, какао, құйма түріндегі тұздар т.б.
Жалпы эквивалент ретінде металдар да пайдалана бастады. Ежелгі Спарта, Жапонияда, Африкада темір, мырыш, қорғасын, мыс, күміс, алтын түріндегі ақшалар пайдаланды. Рим императоры Дионисий Сиракуз және орта ғасырдағы ағылшын корольдары мырыш ақшаларыды құйды. Қытайда және Ежелгі Римде мыс ақша ретінде пайдаланылды. XYII ғасыр Солтүстік Америкада (Массачустес штатында) ұсақ төлемдерге қорғасын дөңгелекшелер қолданылды.
Металл ақшаларының артықшылығы, олар – біркелкі, төзімді ұсақталынады және т.б. Металл ақшалардың кең таралуымен ақша өлшемінін аймақтық жүйесі нақтылана түсті.
Кейін келе металдардың арасында басты роль алтын мен күміске өте бастады, өйткені олар жалпы эквивалент үшін аса маңызды және қажетті сапаға ие болды.
Әрине, металдар бұған дейінгі ақша формаларын бірден ығыстырып шығарып тастаған жоқ. Ұзақ уақыт бойы металл ақшалар тауар формасын сақтап келеді. Темір ақшалар күрек, таға, шеге, шынжыр және т.б. формаларда ұзақ уақыт бойына сақталынды.
Грек ақшасының атауы “драхма” “бір уыс шеге” деген мағынаны білдіреді. Мыс ақшалар қазандық, құмыра, қалқан түрлерінде айналыста болды. Күміс және алтын ақшалар жүзік сырға, білезік түрінде пайдаланылды.
Бірақ б.э. дейін XIII ғасырда салмағы көрсетілген құймалар пайда бола бастаған. Осындай себепке байланысты көптеген ақша бірліктері фунт стерлинг, ливр (жарты фунт), марка (жарты фунт) салмақ бірліктері атауымен аталды. Алғашқыдағы белгілі массасы бар формасыз металл ақшалар ауыстыра бастады.
Монеталардың пайда болуы ақшаның құрылуындағы соңғы кезен болып табылды.
Қолма- қол ақшасыз айналымдағы ақша.
Қолма- қол ақшасыз дегеніміз, қолма- қол ақшаның орнына несие операцияларын пайдалану. Яғни, ақшаны бір есеп шоттан екінші есеп шотқа аудару болып табылады. Ол үшін әртүрлі төлем құжаттары мен құнды қағаздар пайдаланылады, сөйтіп бұл айналым, несиелік ақшаның пайда болуына қажет етеді.
Қолма- қол ақшасыз айналымның ерекшелігі:
- Кейбір құнды қағаздар арқылы жүргізілетін қолма- қол ақшасыз айналым, банктің қатысуынсыз жүзеге асырылады. Мысалы, векселдер және да кейбір төлем құжаттары тиісті жазу (индоссамент) мен ақша алушыға жіберіледі. Бірақ, ақша аударылмайды.
- Кейбір ақша алушылармен есептескенде төлеушінің банктегі шотта жатқан ақшасы, жалпыға бірдей төлем құралы ретінде шот иесінің рұқсатынсыз пайдаланылады.
- Егер, қолма- қол ақшасыз есеп айырысуға қатысушылар алдағы уақытта ешқандай міндеттеме алмайтын болса, вексель арқылы жүзеге асырылатын, қолма- қол ақшасыз айналымға қатысатын вексель беруші, алдағы кезде сол вексельде көрсетілген төлемді уақытында төлеуге міндеттеме алады. Мысалы, есеп айырысудың екі нысанында да бір ғана ақша қатынасады (доллар, рубль, теңге т.с.с) оның үстіне есеп айырысудың бір нысанындағы ақша екінші нысанына оп- оңай ауысады.
Ақша жүйесі – бұл әр мемлекетте тарихи қалыптасқан және мемлекет заңды түрде бекіткен ақша айналымының нысаны.
Ақша жиыны – ақша айналымы мен жинақ ақшаның функциясын атқаратын, қолда бар және ақшасыз нысанадағы барлық ақшалай қаражаттын жиынтығы
Ақша айналымының жылдамдығы
V- ақша айналымының
P- баға деңгейі
Y- өндірілген өнім мөлшері (нақты ЖҰО)
M- ақша мөлшері
Ақша базасы- дегеніміз айналымыда жүрген қолма – қол ақшаның, екінші дәрежедегі банктердін кассаларындағы және корреспонденттік шоттарындағы ақшаның, және олардың ұлттық банкте сақталатын міндетті қорларының қосындысы.
Айналымдағы ақша жиыны және ақша базасы, екуі де қазіргі нарықтық жағдайда, бұрынғы шаруашылық жүргізудің социалистік әдісіндегіден басқа ие болды және оларды есептеу әдісі де өзгерді.
Бұлай болудың басты себебі нарық жағдайында қолма - қол ақшамен және қолма-қол ақшасыз айналым бір тұтас болды. Осыған байланысты айналымдағы ақша жиыны осы бір тұтас айналымның көлемі болып табылады.
Қазақстан бойынша бұл көрсеткіш 2000 жылы 45,9 пайызға өсіп, жылдың басында 399,5 млрд. теңгеге жетті. Қазіргі жағдайда айналымдағы ақша жиынын сипаттау үшін әртүрлі агрегаттар қолданылады:
М0, М1,М2,М3 (абсолюттік саладан басқа)
Бұл агрегаттардың мазмұны мынандай:
М0 – қолма-қол ақша. Айналымға шығарылған, қағаз және металл ақшалар.
М1=М0 +Заңды тұлғалардың есеп шоттарындағы ақшалар мен жеке тұлғалардың банкідегі, талап етілмелі салымдары.
М2=М1+Заңды және жеке тұлғалардың банкідегі мерзімді салықтары.
М3=М2+ Мемлекеттік займның облигациясы және сертификаттар.
Ақша айналыс заңы.
Ақша айналыс заңы – құн занынң айналыс аясындағы көрінісі. Ол тауар- ақша қатынастары болатын барлық қоғамдық формациядарға тән. Айналыстағы ақша саны К.Маркс ашқан ақша айналысы заңымен реттеледі. Тауар айналысына қызмет ету үшін қажетті ақша мөлшері екі факторға: бір жылда сатылуы тиіс тауарлар бағасының қосындысына және ақша айналымының жылдамдығына байланысты өзгереді.
Мына формуламен өрнектеледі:
Ақша айналысының мәні – ақшаның айналыс құралы қызметін орындауы тиіс. Ақша тек айналыс құралы ғана емес, сонымен төлем қызметін атқаратындықтан айналысқа қажетті ақша мөлшері несиеге сатқан тауар санасына байланысты азаяды. Несиенің даму дәрежесі ақша мөлшеріне кері әсерін тигізеді: тауардың неғұрлым көп бөлігі несиеге сатылса, айналысқа солғұрлым аз ақша мөлшері қажет. Айналыстан шығарылған ақша мөлшері шаруашылықтың және халықтың тұрақты ақша қорын құрайды. Айналыстағы ақша мөлшерін анықтаушы заң мына формуламен өрнектеледі:
Айналысқа қажетті ақша мөлшері өңдірістің даму жағдайларына әсер ететін көп факторларға байланысты өзгереді: айналыстағы тауар мөлшеріне, тауарлар мен қызмет бағасының деңгейіне және т.б.
Ақша айналысына әсер ететін жағдайлар:
- несиенің даму деңгейі, егер тауардың көп бөлігі несиеге сатылса, айналысқа сонша мөлшерде кем ақша қажет;
- қолма – қол ақшасыз есеп айырысудың дамуы;
- ақша айналымының санының өсуі;
Айналысқа ақша екі формада эммиссияланады: қолма – қол ақша, яғни банкнота мен ұсақ монеталар; банкноттың айналымдағы ақша формасы, яғни банктегі шоттарға жазылған сомма. Бірінші ақша формасын монополиялы құқықпен орталық банк эммисиялайды, ал басқа қолма – қол емес ақша белгісін комерциялық банкжүйесі шығарады. Ақшаның екі формасы тығыз айналыста болады. Ақшаның көлемін және өсу қарқынын реттейтін көрсеткіштер ақша агрегаттары болады. әрбір келесі ақша агрегаты өзінен алдыңғылардың барлық элементтерін өзіне біріктіріп үлкен ақша массасын құрайды. Ақша массасының құрамы әр мемлекеттің өзіне тән ақша – несие жүйесімен анықталады. Ақша агрегаттарының құрылымы тұрақты болмайды. Ол ақша нарығы құралдарының дамуына байланысты өзгереді. Ақша массасы бірнеше жолмен өсуі мүмкін:
- банкноталар мен монеталарды эмиссиалау есебінен;
- орталық банктен комерциялық банктердің несие алуымен;
- мемлекеттін бюджеттік кемшілігін жабу үшін орталық банктің ұкіметке несие беруімен;
- орталық банктін асыл металдарды, шетел валютасы және мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алуымен;
- чек шығаруымен және заем беруімен.
Ақшаның айналу жылдамдығы мынадай экономикалық жағдайлар әсер етеді: экономиканың циклмен өсуіне, даму қарқынына, бағаның өзгеруіне, таза монетарлық факторға, төлем айналым құрылымына, несиелік операция мен өзара есеп айырысу және т.б. байланысты өзгереді.
Ақша қажеттілігі және экономикалық маңызы.
Ақша мәні және атқаратын қызметтері
Ақша кез келген тауар құнын білдіретін ерекше тауар рольін атқарады. Осыдан келіп ақшаның жаппай өктем күші пайда болды. Ақшаның қоғамдағы мәнін Карл Маркс индивид өзінің қоғамдық билігін де, қоғам мен байланысын да өзінің қалтасына салып жүреді деген афоризммен сипаттады. Осыған байланысты ол мынадай айқын көрінеді:
Біріншіден, тек ақшаға айырбастау арқылы ғана тауарлар қоғамдық еңбектін нәтижесі екенін анықтауға болады. Мысалы, ақшаның тауарлар айырбасында делдалдың етуі арқылы қоғамдық еңбектің сапалық деңгейі айқындалып, сандық есебі жүргізіледі.
Екіншіден, әр адамның еңбектегі, яғни қоғамдық өнімдегі үлесін де ақша арқылы анықтауға болады. Себебі адамның қоғамдық еңбектегі үлесін жалақы ретінде алғанда ақша төлем құралы қызметін атқарғаны.
Үшіншіден, айырбас процесінде ақшаның делдалдық етуімен тауардын ішкі қайшылықтары да шешіледі.
Тауарлар дүниесінің тауар және ақша болып екіге бөлінуі оның тұтыну құнымен құнының, яғни тауардың ішкі қарама – қарсы жақтарының қайшылығын шешуге жол салады. Өйткені, егер тауар сатылса, оның тұтыну құнының біреудін қажетін өтеуге керек болғандығы. Сатылған құн енді ақша ретінде тауар өндірушінің қолына түседі. Сөйтіп, тауар өндірушіге түскен ақшаның көлеміне қарай өз өндірісіне басқа кез келген қажетті тұтыну құнын алуға мүмкіндік туады.
Құнның ақшалай формасының пайда болуы, яғни ақша – тауардың жалпы эквиваленті болуы тауар өндірісінің ұлғайып, айырбас қатынастарының алғашқы кездейсоқ жағдайдан нақтылы және үнемі қайталанатын процеске айналып, кең көлемде өсуіне жол ашты. Ақшаның қызметі тауарды сатып алу, қолдан – қолға ауыстырып, қайта – қайта итеру қатынаста болып келеді. Тауарды тұтынушыға жеткізіп, ақша үзіліссіз қозғалыста жүреді. Тауарды қолдануда ақша деталдың рольін атқарады, ол уақыт пен кеңістікте келіспеушілікті жеңеді. Сатушы, товарын сатып, басқа тауарды сатып алуға асықпайды. Ол басқа жерде тауарын сатып алуға және басқа жерде сатуға мүмкіндігі бар, бұған ақша көмектеседі.
Ақша ерекше тауар, жалпыға бірдей балама, яғни, басқа тауарлардың жалпыға бірдей баламалық құнының нысаны. Ақша тауардың ерекше қасиеті, оның кез келген басқа тауарлардың құның көрсете алатындығы, оның жалпыға бірдей құралы екендігінде. Ақшаның тағы бір ерекше қасиеті құнның сақталуын қамтамасыз ететін күші. Мысалы, құнды тауарға салса, оның ақшалай көлемі құн санап азал береді. Өйткені, ол тауарды сақтау үшін белгілі көлемде шығын шығарылады. Ал, егер, құн ақшаға салынса, ондай шығын болмайды.
Ақшаның мәнін көрсетуші оның атқарымы болып есептеледі. Экономиканың кез келген үлгісінде ақшаның атқарымы өзгермей, бір қалыпты қалады. Қазіргі жағдайда ақшаның атқарымдары бұрынғыдай:
- Ақша құнды өлшеуші ретінде
- Ақша айналым құралы ретінде
- Ақша төлем құралы ретңнде
- Ақша қорлану құралы ретінде
- Дүниежүзілік ақша ретінде
Көрсетілген атқарымдарды тек қана ақша ғана орындай алады.
Ақшаның құн ретінде атқарымы оның көлемі мен тауардың өзіндік құны анықталған кезде байқалады. Бұл жерде тауардың өзіндік құны, оны өндіру жолындағы, қоғамдық қажетті шығынымен тең Олай болса, тауар өндіру, болмаса басқаша айтқанда қызмет көрсету үшін, алдымен еңбек бұйымдарын табу керек, тек содан кейін, солардың көмегімен, керекті өнім шығарылады, болмаса, қызмет көрсетіледі. Осыған байланысты жаңадан шығарылған тауадың өзіндік құны екі элементтен тұрады. Біріншісі, жоғарыдағы айтылған еңбек құралдары мен еңбек бұйымдарының құны. Екіншісі, осы өнімді өндіру жолындағы жұмсалатын тірі еңбнк күшінің құны. Сонымен қатар, жаңа өнімнің өзіндік құнына қосылатын, еңбек құралдарының және еңбек бұйымдарының құны, тірі еңбек күшінің құны да әрбір тауар өндірушілерде бірдей болмайды. Өйткені, барлық тауар өндірушілердің техникамен жабдықтандырылуы, мамаандық дәрежесі және үнемшілдігі әртүрлі.
Ақша айналым құралы ретінде. Барлық тауарлар, Қай жерде шығарылғанына қарамастан, керекті уақытында сатылуы керек. Яғни, құнның тауарлық нысаны ақшалық нысанға ауысуы керек. Ақшаның айналым құралы ретінде жұмыс істеуі ақшаның тауарға, тауардың ақшаға айналуының толыссыз тізбесі болып табылады. Осылайша ақша үздіксіз айналымда жүреді. Бұл атқарымның өзіне тән бір ерекшелігі, ақша мен тауардың біріне-бірінің қарсы қозғалысында: ақша сатушыға қарай қозғалса, тауар сатып алушыға қарай қозғалады. Осы айналымның құралы ретінде істеу, тек ұлттық ақшаға ғана тән. Заң бойынша елдің ақша айналымында басқа мемлекеттің ақшаның саны көбейсе, сапасы азайса, құнсыздалуына апарады.Айналымдағы ақша саны осы атқарымның дұрыс орындалуына тығыз байланысты. Егер айналым тез жүрсе айналымдағы ақша саны азаяды, керісінше баяулайтын болса, айналымда көбірек ақша жүруі керек.
Ақша төлем құралы ретінде. Бұл атқарымды ақша қозғалысы мен тауардың қозғалысы арасындағы айырмашылықты айтамыз. Себебі, тауардың сатып алушының, ақшаның сатушы қолына түсуі кеш жүреді.Егер алдын ала сатушы мен сатып алушылардың арасындағы келісім бойынша тауар құны төленетін болса, ақша сатушыға ертерек түседі. Екеуінің қозғалысы әртүрлі. Тарих тұрғысынан қарағанда, ақша төлем құралы ретіндегі атқарымда тауарды несиеге берумен байланысты пайда болған. Бұл жөнінде К. Маркс былай жазған: «Бір тауардың иесі өзінің қолда бар тауарын сатады, ал басқа біреу оны сатып алады, тек ақшаның өкілі ретінде. Сатушы несие беруші болады да, сртып алушы қарыздар болып қалады». Ақшаның төлем құралы ретіндегі атқарымнан айырмашылығы, бұл атқарымды, ұлттық ақшамен қатар, басқа елдердің ақшалары да орындай алады.
Ақша қорлану құралы ретінде. Бұл атқарымды, айналысқа қатынаспай журген ақшалар ғана орындайды. Оның ішінде халықтың қолында жүрген ақша, банкілердегі есеп шоттарда қалған, жеке және заңды тұлғаларды ақшасы кіреді.
Ақшаның қорлану құралы ретінде атқарымын орындайтын артық ақша табыстың шығыннан көбірек болған күнде ғана пайда болады. Ал ақшалар алдағы кезде орын алатын көлемді шығындардың қоры ретенде сақталады. Осылай несиелік қарым-қатынас пайда болады. Ол шаруашылық, жеке тұлғалардың уақытша пайдалануға беріледі. Сөйтіп, ақшаның бостан-босқа пайдасыз жатуына, сонымен бірге оның инфляцияның әсерінен құнсызданып кетуіне жол берілмейді. Тек мынадай жағдайларға сүйенеді:
- несиеге берілген ақша кедергісіз іске пайдаланылады
- несиенің уақытында қайтарылуына күмән жоқ
- несиеге берген ақшадан жоғарғы деңгейде пайда түседі
Дүниежүзілік ақша атқарымы. 1976 жылы, ақшаның алтын тепе-теңдігі жойылғанан кейін, көптеген экономистер, енді құнсыз, қағаз ақша дүниежүзілік ақша атқарымын орындай алмайды деген пікірге келген. Бірақ та, ақша әлі де әр түрлі елдердің және олардың заңды және жеке тұлғаларының, өзара қарым-қатынастарына қызмет көрсетіп жүр. Ақша бұрынғыша өзінің дүниежүзілік ақша атқарымын орындап келеді. Еркін айырбастауға жатпайтын ақшалар дүниежүзілік ақша атқарымын орындай алмайды. Сондықтан ақшалары еркін айырбасталмайтын елдер, алдымен өз ақшасын сол кездегі бағаммен еркін айырбасталатын ақшаға ауыстырады (доллар, марка, иена сияқты) сосын өздерінің керекті халықаралық істеріне жаратады. Сондықтан ақшаны дүниежүзілік ақша атқарымын тек тежеулі түрде орындайды екенін көреміз.
Ақша мәні орындалатын функциялары: құн өлшемі, айналыс қаражаты, жинақтау қаражаты арқылы анықталады.
Тұтыну-тұтыншылар алатын тауарлар мен қызметтер жиынтығы. Табыстың қалған бөлігі жинақ ақшаға жатады. Жинақ ақша –бұл табыстың тұтынбайтын бөлігі.
Ұлттық ақша жинағы- тұтыну мен мемлекеттік сатып алуды шегеріп тастағандағы экономикалық табыс. Ұлттық ақша жинағы жеке және мемлекеттік ақша жинағынан тұрады.
Жеке ақша жинағы- салық пен тұтынуға жұмсалуғанды қоспағанда үй шаруашылығының табысы.
Мемлекеттік ақша жинағы- бұл жиналған салық пен оның жұмсалу түріндегі алынған мемлекеттік табыстың айырмашылығы.
Ақша түрлері. Ақша -өзі дамушы категория және уақыт өте келе бірнеше өзгеріске ұшырады, бірақ оның ішкі мағынасы өзгеріссіз қалды. Бөлшектелген сферада және әртүрлі кезеңде белгілі бір жағдайда әртүрлі ақша қолданылған. Алғашқы ақша міндетін мал, жүн, темекі (штат Вирджиния, АҚШ) орындаған. «Айырбастау» дамып, ақшаның жалпы эквивалент болуынга әсерін тигізді. Металл ақша әрі ұсақ, қолайлы және сақталуына ыңғайлы болған соң тауар орнына келді. Оның түрлері мыс, қалайы, күміс, алтыннан жасалды. Ең бірінші металл ақша б. з. б. 7-8 ғасырларда Малазияда, 3 ғасырда Римде, Ежелгі Греция мемлекеттерінде басып шығарылды. 9-10 ғ-да Еуропа мен Ресейде өз металл ақшаларын шығара бастады. Алтын монетаның еш уақытта инфляция кезінде құнсызданбауы, оның жеке құнын білдіреді. Осыған байланысты алтын ақша өз бетімен айналымға қанша керек екенін шамалай алады. Егер айналыстағы алтын ақша, керек мөлшерден артық болса, олар айналымнан шығып, қазынаға сақталуға ауысады, ал егер айналысқа керек алтын ақшамен қамтамассыз етілмесе, олар қайтадан ешқандай кедергісіз айналысқа енеді. Алтын ақшаны пайдаланудың мынадай қиындықтары бар:
Біріншіден, алтыннан ақша басу, алтын шығарумен тығыз байланысты, ал алтын шығарудың, өз кезегінде, қымбатқа түсуі белгілі.
Екіншіден, айырбастау операциясының өсуі, айналыстағы ақшаның көбейтуін керек етеді, ол үшін, алтын шығаруды көбейту керек.
Осыған байланысты, қымбатқа түсетін алтын ақшаны, арзанырақ ақшаға ауыстырудың қажеттілігі туады. Сөйтіп, өзінің жеке құны жоқ, қағаз ақша белгісі пайда болды.
Қағаз ақша. Ең бірінші қағаз ақша 11 ғ-да Қытайда шықты. Содан кейін 12 ғ-ң аяғында Солтүстік Америкада, ал 18 ғ-ң аяғында, 19 ғ-ң басында Англияда шығарылды.
Қағаз ақшалар алтынға, не күміске айырбасталынбайды және оны Үкімет тек мемлекеттік бюджеттің тапшылығын жабу үшін ғана шығарады. Осыған байланысты қағаз ақша мөлшерден артық шығып кетіп, құнсыздануы мүмкін, ал бұл инфляциялық жағдайға әкелетіні анық. Бұл қағаз ақшаның өзіне тән ерекшелігі.
Бұндай жағдайда, несиелік ақшаның көмегімен оқшандыруға болады.
Несиелік ақша (банкноттар). Несиелік ақшаны айналысқа шығару және оны қолданудан алып тастау, несиелік операцияларды жүзеге асратын кез келген банктің қолында. Шаруашылықтарға несие бергенде, болмаса вексельдерді есепке алғанда, не қайта есептегенде, банктер қарыз алушыларға өзінің банкнотын береді.
Банкнот қағаздан жасалады, бірақ несиелік ақша айналасын банктер несиелік операцяларды опрындағанда ғана өндіреді, әр түрлі шаруашылық процесстермен байланысты. Мұндай несиелік ақша шығару ешқандай Үкіметтің артық шығынымен, болмаса бюджет тапшылығымен байланыспайды. Тек, тауар өндірумен, оны өткізудің анық қажеттілігімен байланысты шығарылады. Бұл ақшаның қағаз ақшадан айырмашылығы несиенің материалдық өзінің алтын валюталық резервін айырбас бағамен белгілі бір деңгейде ұстап отыру үшін жұмсап келді. Ендігі жерде олай болмайды...
Қазақстан теңгесі міне 11 жыл астам уақыт бойы берік төлем құралы болып келеді. Ол еркін айырбасталатын валюталарға шектеусіз айырбасталады.
Ақшаның экономикалық маңызы, қажеттілігі.
Ақшаның өмір сүруіндегі объективті қажеттілік ол тауар өндірісі және тауар айналысының болуына негізделеді. Кез-келген тауар айналысында ақша айырбас құралы болып табылады. Тауар және ақша бір-бірінен бөлінбейді. Ақша айналысы болмаса, онда тауар айналысы да болмайды.
Бірақ 16 ғасырдың басында (1516 ж.) утопиялық социолизмнің негізін қалаушы Томас Моор өзінің «Жаңа Утопия аралы және мемлекеттің үздік құрылымы туралы алтын кітап» деген еңбегінде: «Алдау, ұрлау, тонау... кісі өлтіру заң тәртібімен қатаң жазаланатынын кім білмейді, әйтсе де бұл жөнінде алдын ала ескертілмеу мүмкіндігі бар жерде алдымен ақша құрымай, олар да жоғалмайды, сонымен бірге, ақшаның жоғалуына байланысты адамдардың алаңдаушылығы, қайғысы, қиыншылықтары және ұйқысыз түндері де ұмытылар еді. Егер ақша адам өмірінен алысталынатын болса, онда тіпті ақша қажеттілігінен туған кедейліктің өзі де жойылар еді»
Ол аздай Томас Моор тағы былай деді: «Қай жерде болсын барлық нәрсені ақша өлшемімен өлшейтін болса, онда ол жерде мемлекеттік істердің табысты және дұрыс ағысының болуы мүмкін емес»
19 ғ. Социал утопистері- Прудон, Оуэн, Грей және басқалар ақшаға теріс көзқараста болды. Прудон тауар өндірісін сақтай отырып, ақшаны жоюдың жобасын ұсынды және оны дәлелдемек болды.
Мұндай ойлар Ресейде де айтылды. Қазан революциясынан (1917ж.) кейін, азамат соғысы жылдарында ақшаның құнсыздануы байқала бастаған кезде ақшаны жою сәті келеді, яғни тарихтың өзі осыған алып келді деген тұжырымдар пайда бола бастады. Керек десеңіз ауыл шаруашылық өнімдерін өнеркәсіп өнімдеріне тіеклей айырбастауды ұйымдастыруға тырысты. Шындығында, оның бәрі сәтсіз аяқталды. С.Г. Струмилин ақшаның орнына бірліктері-тредаларды, ал ағылшын экономисі Смит Фальтнер энергетикалық бірліктерді- энедаларды пайдалануды ұсынды.
Осыған байланысты К. Маркс былай дейді: «ақшаларды жоя отырып, біз қоғамдық дамудың ең жоғары сатысында (коммунизмде) болуымыз мүмкін немесе ең төменгі сатыға (алғашқы қауымдық құрылысқа) қайта оралар едік. Қанша дегенмен де коммунизм- ол қиял, сондықтан да ақша болған, олар бар және бола береді»
Ақша тауардан дами отырып, тауар бола қала береді, бірақ тауар ерекше жалпылама эквивалент.
Ақша – жалпы бірдей эквивалент, ерекше тауар, онда барлық басқа тауардың құны бейнеленеді және оның делдал ретінде қатысуымен тауар өндірушілер арасында еңбек өнімдерінің айырбасы үздіксіз жасала береді.
Жалпыға бірдей эквивалент рөлі тарихи түрде алтынға бекітілген. Алтынның басқа барлық тауарлардың құнын бейнелеу қасиеті, оның табиғи қасиеті емес. К.Маркс айтқандай: «Табиғат ақшаны жаратпайды. Алтынға бұл қасиет қоғаммен берілген»
«Ақша- зат емес, ол қоғамдық қатынас»
Олар шындығында қоғамдық қатынастарды тудырушылар болып келеді. Бұл дегеніміз, қоғамнан бөлінген адамдар үшін ақша керек еместігін білдіреді. Робинзон Крузоға олар керек болмаған. Батып бара жатқан кемеден құтқарылып алынған заттар оған адам аяғы баспайтын аралда қажет болған, ал ақшалар болса өзінің барлық құндылығын жоғалтты.
Ақша - өндіру мен бөлу процестерінде адамдар арсындағы белгілі бір экономикалық қарым-қатынастарды көрсететін, тарихи даму үстіндегі экономикалық категория болып табылады. Экономикалық категория ретінде ақшаның мәні оның үш қасиетінің бірігуімен көрініс табады.
- жалпыға бірдей айырбасталу;
- айырбас құнының дербес формасы;
- еңбектің сыртқы заттық өлшемі.
Жалпыға тікелей айырбасталу формасында- ақшаны пайдалану, кез-келген материалдық құндылықтарға ақшаны айырбастау мүмкіншілігінің бар екендігін көрсетеді. Социализм жағдайында бұл мүмкіндік елеулі қысқарды және тік қоғамдық жиынтық өнімді пайдалану және бөлумен ғана шектелді. Кәсіпорындар, жер, орман, жер асты байлықтары сатылмады және сатып алынбады. Қазіргі кезде жекешелендіру процестерінің жүруімен байланысты, жалпыға тікелей айырбастау формасында ақшаның пайдаланудың көлемі едәуір кеңіді.
Ақшаның айырбас құнының дербес формасы ретінде пайдалану тауарларды тікелей өткізуменен байланысты емес. Ақшаны бұл формада қолдану жағдайлары олар несие беру, бюджеттің кірістерін қалыптастыру, өндірістік және өндірістік емес шығындарды қаржыландыру, Ұлттық банктің несиелік ресурстарды басқа банктерге сатуы және тағы басқа.
Еңбектің сыртқы заттық өлшемі тауарды өндіруге жұмсалған еңбектің, олардың ақша көмегімен өлшенуі мүмкін құнын анықтау арқылы көрінеді.
Ақшаның адам өміріне қажеттілігі туралы әр түрлі ойлар айтылуда. Ақша қажеттілігі тауар өндірісі мен тауар айналысына байланысты туындап отыр. Ақшаны жақтаушылар адам арсындағы келісім құралы деп таниды. Бұл ойды Аристотельдің «Никомахова этика» кітабында оқи аламыз. Бұл ой көне Рим қоғамында заңға енгізіліп, оның қағидасы бойынша император ақшаның құның заңмен бекіткен.
Ақшаға теріс көзқарастар Ресейдегі азамат соғысы кезеңінде пайда болды. Ақша натуралды шаруашылықтан тауарлы өндіріске өткенде тауардан туындап, айырбос қатынастарының даму барысында тауар бола қала бермек. Бірақ ол ерекше тауар, барлық тауарға теңгерілетін эквивалент тауар.
Ақша – тарихи дамыған экономикалық категорияя. Ол қоғам дамуының әрбір сатысында өндіріс және айырбас процесінде адамдар арасында қалыптасатын экономикалық қатынастарды көрсетеді.
Қоғам экономиканың әр түрлі үлгісіне өткенде ақшаның маңызы арта түседі. Ақша есеп жүргізу және бақылау құралы ретінде қосалқы қызмет атқарады.
Нарықтық экономикада ақшаның маңызы зор. Себебі әр түрлі меншік жағдайында (мемлекеттік, кооперативтік, жеке) жұмыс істейтін тауар өндірушілер өндіретін және сататын өнімнің көлемін, түрін және бағасын бекітуге дербестік алды. Шаруашылықты жаңа нарықтық жағдайға жүргізуде төлем қабілетті сұранысқа бағдар жасалуда, яғни сұраныс ескеріліп, өнімнің шығару көлемі, түрі, бағасы тағайындалады.
Ақша нарықтық экономикада ақша-несиелік реттеуде айналыстағы ақша массасының өсуін тежеу, инфляциялық процестерді жеңу және ұлттық жалпы өнімді ынталандыру бағытында қолданылуда.
Қорытынды
Қорыта айтқанда, нарықтық экономикада ақшаның маңызы зор. Өйткені әр түрлі меншік жағдайында тауар өндірушілер тауар қанша өндіріп, қанша сататының, көлемі мен түрін және бағасын белгілеуге еркіндік алды. Ал бұл нарықта бәсекелестікті көбейтеді, ол дегеніміз тауар сапасының жақсаруы. Ақша қоғамдағы қатынастарды реттейді. «Айырбас» кезеңінде пайда болған ақша бүгінге дейін түрлі өзгеріске ұшырап, қызметін атқарып жатыр. Ел экономикасы ақшамен реттелуде, шаруашылық және нарықтық жағдайда жүргізіледі. Сонымен қатар қазіргі кезде кәсіпорындарды жекеменшіктендіру де, мемлекеттік бюджеттің кірісін қалыптастыру да, әртүрлі өндірістік және өндірістік емес шығындарды қаржыландыру, Ұлттық банктің несие ресурстарын басқа банкке сату, инфляцияға қарсы күрес және т.б. жүргізіліп жатқан іс-шараларда ақшаның маңызы арта түсуде.
Ақша адам өмірінде белгілі бір орын алып келеді және өмірінің қалыптасуына әсер етеді, жаңа заманның отрибуты болып келеді.
Ақша функциясы үзіліссіз өндіріс процесін, бөлу, айырбастау және тұтынуды біріктіреді. Бұларсыз ешқандай шаруашылық субъект жүре алмайды. Елдің жұмсалмайтын артық ақшасын банк аудандарға, кәсіпорын мен ауылдарға бөледі, сөйтіп экономикаға қосымша капитал және энергетикалық ресурспен қамтамасыз етеді. Ақша өзі бір күрделі организм ретінде күрделі экономикалық қатынастарды тудырады, санымен айырбастауды жеңілдетуі де, қиындатуы да мүмкін. Осы курсовой жұмысымда ақша қарастырылды, оның пайда болуы, даму кезеңі, атқаратын функциялары, ақшаның айналыстағы заңы. Ақша ролі тауар бағасын белгілеу тауар бағасына ұсыныс пен сұраныс, бәсекелестік арақатынасы бағаның төмендеуіне әсер етеді. Ақша ақша айналыста туындайтын қиындықтарды жеңілдетеді.
Ақша ауыл шаруашылық өндірісінде, кәсіпорында, мемлекеттік орган функциясында, адамдардың өндіріс дамуы мен өсуіне қызығушылық және ресурстарды шағымдауда үлкен роль атқарады.
Ақша көмегімен қолма-қол және қолма-қол емес ақша формаларымен реализация, ұлттық табысты пайдалану қамтамасыз етіледі.
Қорыта айтқанда, ақша адамның ең бір үлкен ойлап тапқан затты және адамның прогресске үлкен қадам жасауы болып табылады.
Пайдаланылған әдебиеттер
1.Ақша, несие, банктер:Оқулық А.С. Сейітқасымов- Алматы 2001.
2.Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары:Б.А. Көшенова Алматы: Экономика 2000 жыл.
3.КазМБА. Экономикалық ЖОО-ның «Ақша, несие, банк» курсының бағдарламасы.
- Ақша айналысы және несие:С.Б. Мақыш Алматы 2000 ж.
- Ақша айналысы және несие:С.Б. Мақыш Алматы 2004 ж.
- Ақша, несие, банктер:М.С. Саниев Алматы 2001 ж.
- Экономика оқулығы:А.С. Булатова Москва 1995 ж.
- Экономиканы ақша-несиелік реттеудің кейбір аспектілері Ж. Серикбаева қаржы-қаражат 2003 ж. №3
- Ақша төлемі мен аударымы туралы // Егемен Қазақстан 1998 ж. 2 шілде.
- Ақша саясаты // Алматы 1998 ж. 26 қаңтар.
- Тәуелсіз елдің ұлттық Валютасы // Егемен Қазақстан Ә. Нысанбаева 2003 ж. 13 қараша.
- Еуропалық валюта одағы елдердің валюталарға евроға ауыстыруына Қ.Р. экономикасын дайындау жөніндегі іс шаралар // Қазақстан Республика Президенті мен Қ.Р. Үкіметінің актілер жинағы 2001 ж. №39 53-56 бет.