Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Алматы облысында Көшпенділер ойындарының жүлдегерлері марапатталды

Алматы облысында Көшпенділер ойындарының жүлдегерлері марапатталды
Алматы облысында Қырғызстанда өткен VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында жүлде алған спортшылар мен олардың бапкерлері марапатталды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, 7kun.kz хабарлайды.

Салтанатты жиында аламан бәйге, көкпар және көкбөріден жүлделі орындарға ие болған спортшыларға Президенттің Алғыс хаты табысталды. Сондай-ақ «Алатау» федерациясының президенті Сәбит Қасенов пен көкпардан жарыс төрешісі Елдос Тілебалдиев марапатталды.

Бірқатар спортшы мен бапкер облыс әкімінің Құрмет грамотасы және Алғыс хатына ие болды.

Облыс әкімі Шыңғыс Әрінов өңірде ұлттық спортты дамыту, жас спортшыларды даярлау және спорт нысандарын салу мен жаңғырту жұмыстары жалғасатынын айтты.

Әкім алдағы ХХ Азия ойындарына Қазақстан құрамасы сапында Алматы облысынан 24 спортшы қатысатынын да мәлімдеді. Олар спорттың 13 түрінен бақ сынайды.

Еске салайық, VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте бірінші орын алды. Жарысқа 100-ден астам елдің өкілдері қатысты.

Ұқсас материалдар