Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматыда Орталық Азия мәселелерін талқылайтын форум өтті

Алматыда Орталық Азия мәселелерін талқылайтын форум өтті

ЮНЕСКО-ның Алматыдағы Кластерлік бюросы "Cultural Dialogue" және Гёте институтының қолдауымен, ҚР Тұңғыш Президенті Қорының және Азия-Еуропалық Қордың (ASEF, Сингапур) ұйымдастыруымен Алматыда  мәдени саясат және басқару жөніндегі Орталық Азия форумын өткізді.

Форум аясында ЮНЕСКО-ның "Мәдени нысандардың алуантүрлілігін қорғау туралы" конвенцияны жүзеге асыру жайында жаһандық баяндама оқылды. Сессиялар мен талқылаулар шығармашылықты дамыту, мәдени нысандағы тауар мен қызмет теңгерімін бақылау, шығармашылық, мәдениет саласындағы қызметкерлердің мобильді ұтқырлығын арттыру және Орталық Азиядағы аймақтық ынтымақтастық мәселелеріне арналды.

Форумда 2005 жылы қабылданған ЮНЕСКО-ның "Мәдени нысандардың алуантүрлілігін қорғау туралы" конвенциядан хабардар ету мәселесі көтерілді. Қазір конвенция тек Тәжікстанда ратификациялаған. Конвенцияда мәдениет салаларын түрлі жолдармен нығайту көзделген.

Форумға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстанның мәдениет министрліктері, ҮЕҰ және ұлттық сарапшылар, сондай-ақ Германияның Гёте институтының штаб-пәтерінің халықаралық сарапшылары, Сингапурдан Азия-Еуропалық ASEF Foundation қатысты.

Похожие материалы