«Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» Алматы филиалының мамандары Алматы қаласы бойынша Көліктік бақылау инспекциясымен бірлесіп «Жолдағы қабылдау» акциясын өткізді. Мегаполистен шыға берістегі Алматы – Өскемен тас жолының бойында ұйымдастырылған іс-шараның басты мақсаты - жүргізушілерге көлік құралдарын пайдалану мен құқықтық сауаттың маңыздылығын түсіндіру. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық пен заң бұзудың алдын алу жайы айтылды. Қала жолдарында жүк көліктерімен жүк тасымалдаудың тәртібі мен реті, оған қойылатын талаптар толығырақ түсіндірілді.
Сонымен қатар, аталған акция барысында көлік құжаттарын басқарудың бірыңғай жүйесін енгізу арқылы тасымалдау құжаттарын электронды форматқа көшіру жайын жүргізушілерге таныстыру жұмыстары да болды. «Жолдағы қабылдау» акциясына қатысқан барлық азаматтар да, жауапты мамандар да белсенді болды.
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024