Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Altyn Bank басқарма төрағасы болып Марат Әлменов тағайындалды

Altyn Bank басқарма төрағасы болып Марат Әлменов тағайындалды

Алматы. 31 мамыр. 7kun.kz - Altyn Bank-тың басқарма төрағасы Марат Әлменов болды, деп хабарлайды LS.

Бұған дейін осы лауазымды атқарған Асқар Смағұлов өзінің ықыласы бойынша өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты.

Әлменов бұл лауазымға 2018 жылдың 4 маусымынан бастап келеді. Бұрын ол Халық банкінің басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарған.

Естеріңізге сала кетейік, Халық банкі Altyn Bank-дің 60% акциясын сатуға мәміле жасады. Бұл үлестің 50,1%-ы China CITIC Bank Corporation Limited (CITIC Bank) мен 9,9%-ы China Shuangwei Investment Co., Ltd. (Shuangwei) сатылды.

Дегенмен,  Халық банкі Altyn Bank-тың 40%-на иелік етуді жалғастырады. Сондай-ақ, акцияларды басқару туралы келісімге және аяқталғаннан кейін күшіне енетін басқа да шарттарға сәйкес белгілі бір құқықтарды өз еншісіне қалдырады.

Похожие материалы