Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алтыншы тамызға арналған мұнай және металл бағамдары

Алтыншы тамызға арналған мұнай және металл бағамдары

Алматы. 06 тамыз. 7kun.kz — Алтыншы тамызға арналған мұнай және металл бағамдарының бағасы анықталды.

Мұнай: мұнайдың әлемдік бағасы дүйсенбі күні АҚШ президентінің Қытай тауарларына қосымша импорттық баж салығын енгізу туралы мәлімдемесінен кейін осы шикізатқа сұраныстың өсуіне алаңдаушылық аясында құлдырап кетті, деп жазады Прайм. 23:15 жағдай бойынша Brent маркалы солтүстік теңіз мұнай қоспасына қазан фьючерстерінің құны 3,1%-ға, барреліне 59,98 долларға дейін төмендеді. WTI маркалы мұнайға қыркүйек фьючерстерінің құны 1,29%-ға, барреліне 54,95 долларға дейін азайды.

Металдар: 23:20-да алтынға тамыз фьючерстерінің бағасы 0,03%-ға төмендеп, бір троялық унциясы 1 476,05 долларға сатылды. Күміс фьючерсінің құны 0,37%-ға — бір унциясы үшін 16,453 долларға дейін өсті.

Криптовалюталар: coinmarketcap.com порталының мәліметтері бойынша, 23:25-те bitcoin 11 721,71 долларға саудаланды. Соңғы 24 сағатта бірінші криптовалюта 4,29%-ға қымбаттады, ал оның капитализациясы 209,35 млрд долларды құрады. Осы уақытта Ethereum бағасы 1,56%-ға қымбаттап, 228,6 доллар тұрды. Бұл криптовалютаны капиталдандыру 24,61 млрд долларды құрады.


Похожие материалы