Экономика
Выбор редактора
IT, Технология
Amazon басшысы акцияларын сату арқылы рекордтық табысқа кенелді

Amazon компаниясының бас директоры әрі негізін салушы Джефф Безос компаниясының миллион акциясын жылдық өсімінің шыңына жеткен кезде сатып жіберді. Сатылымға шыққан үш күннің ішінде 531 миллион доллар тапты деп жазады Bloomberg.
Безос құны 529-539 доллар тұратын құнды қағаздарының бір бөлігін сатты. Сатылым тамыздың басында басталып, кезекті есептік кезеңде бір аптадан соң жабылды. ІТ-компанияның басшысы акцияларын жыл сайын сатылымға шығарып отырады. Бірақ, осы жылы ұйымдастырғаны алғаш рет жарты миллиард АҚШ доллары көлемінде рекордтық табыс әкелген. Бұл Amazon акцияларының сенімді өсімін арқасында болып отыр. Жыл ортасынан бері акциялары 73 пайызға өскен. Кәсіпкерде Amazon акцияларының әлі 83 миллионы бар. Безостың компаниядағы үлесі - 18 пайыз.Тэги:
Похожие материалы
В Казахстане запустят «криптокарты» для оплаты с криптокошельков
- 04 маусым, 2025
В Казахстане увеличат лимит для мониторинга мобильных переводов
- 02 маусым, 2025
Казахстан — единственная страна ЕАЭС с ростом безработицы
- 02 маусым, 2025