Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Анталиялық кәсіпкерлер Онтүстік Қазақстанда кәсіпорын ашады

Анталиялық кәсіпкерлер Онтүстік Қазақстанда кәсіпорын ашады

Алматы. 30 наурыз. 7kun.kz – Анталия кәсіпкерлері оңтүстік Қазақстанда ортақ өндіріс орнын ашуды жоспарлап отыр. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Облыс әкімдігі хабарлағандай, түрік делегаттарының аймққа келудегі мақсаты ауыл шаруашылық саласына инвестиция тарту. Сонымен қатар, Оңтүстік Қазақстандағы шағын және орта бизнесті дамыту.

Түркия өкілдері Шымкенттің индустриалды және экономикалық аймағында орналасқан бірнеше кәсіпорындар жұмысымен танысып қайтты.

Бұған дейін, ақпанда қазақстандық бизнесмендер Түркияға барып, Анталия провинциясының кәсіпкерлер ассоцияциясы өкілдерімен кездесу өткізген.

Келіссөз қорытындысы бойынша, Çıtello, SiMGETEK A.S. және CUBO компанияларымен бірлесіп, оңтүстік өңірде жаңа жобаны жүзеге асыру туралы шешім қабылданды.

Похожие материалы