Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Apple 11 жыл қатарынан әлемдегі ең инновациялық компания атанды

Apple 11 жыл қатарынан әлемдегі ең инновациялық компания атанды

Apple 11 жыл қатарынан 50 ең инновациялық компаниялар тізімінде бірінші орында келеді. Бұл The Boston Consulting Group (BCG) компаниясы жариялаған "Ең инновациялық компания-2015: көшбасшылардың басты төрт ерекшелігі"  ("The Most Innovative Companies 2015: Four Factors that Differentiate Leaders) есебінде көрсетілген.

Apple осы тізімде 2005 жылдан бері  аталып келеді. Ал Google тізімде 2006 жылдан бері екінші орында. Tesla Motors 2015 жылы рейтингте жетінші орыннан үшінші орынға көтерілді. Көшбасшылардың ондығына енген компаниялар арасында авто өндіруші - Tesla, Toyota, BMW мен Daimler компаниясы және биотехнологиялық Gilead компаниясы бар. Биылғы жылы инновациялық компаниялар тізіміне АҚШ-тың 29 компаниясы кірген. Сондай-ақ, рейтингте Еуропадан - 11, Азиядан - 10, Қытайдан - 3 компания аты жарияланған. Фото: www.slideshare.net

Похожие материалы