Ақмола облысында 33 лауазымды тұлға сапасыз жол үшін жауапкершілікке тартылды
Ақмола облысы. 4 тамыз. 7kun.kz – Құзырлы орган өкілдері шілде айының 19-ынан бері 200-ден астам жолға мониторинг жүргізіп, барлығынан кемшілік анықтаған. Бұл туралы облыстық әкімшілік полиция басқармасы хабарлады.
«Жауапты коммуналдық мекемелерге ескерту жасап, жолды салған және арнайы жол белгілерін орнатқан ұйым өкілдерінің әрқайсысына 31 мың 800 теңгеден айыппұл салды. Ал, жиі кездесетін заңбұзушылықтар: жөндеу жұмыстары жүріп жатқан жерлерге жол белгілерін қоймау және теміржол өткелдерінде арнайы белгілердің жоқтығы», – деді полицейлер.
Облыстық әкімшілік полиция басқармасының бастығы Ержан Қошқарбаевтың айтуынша, жолдың сапасыздығы қайғылы оқиғаларға алып келуі мүмкін.
«Сондай жағдайлардың алдын алу үшін біз аталған тексерістерді жүйелі түрде жүргізіп отырамыз. Біздің араласуымызбен рейд басталған 16 күннің ішінде қауіпті жол бөліктеріне 174 жол белгісі қойылды. Ал, жолға мал шығуы мүмкін деген елді мекендердің тұсына ірі қараның 19 макеті орнатылды», - деді ол.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024