Алматы. 1 наурыз. 7kun.kz – Ақпан айының қорытындысы бойынша, теңге бағамы 1 АҚШ доллары үшін 445,66 теңгеге дейін 3,2%-ға нығайды, деп хабарлайды 7kun.kz.
Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың бір күндегі орташа көлемі бір айда 103-тен 130 млн АҚШ долларына дейін ұлғайды.
Ұлттық банк мәліметінше, сауда-саттықтың жалпы көлемі 2,6 млрд АҚШ долларына тең болды. Бір ай ішінде валюта нарығы сұраныс пен ұсыныс тұрғысынан теңгерімді болып, айырбастау бағамы нарық талаптарына сай қалыптасты.
«Бағамның нығаюы «салық кезеңі» факторымен және шетелдік инвесторлардың ҚР мемлекеттік бағалы қағаздарға кіруімен де байланысты болды», – делінген хабарламада.
Сондай-ақ Ұлттық банктің хабарлауынша:
- квазимемлекеттік сектор субъектілерінің валюталық түсімін сатуы өткен айда шамамен 295 млн АҚШ долларына тең болды. Квазимемлекеттік сектор компаниялары екінші деңгейлі банктер арқылы валюта нарығында сатуды дербес жүзеге асырады.
- Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферттерді қамтамасыз ету үшін валюта сату ақпанда 590 млн АҚШ долларын құрады. Ұлттық қордан сату үлесі сауда-саттықтың жалпы көлемінен 23%-ды құрады және бір күнде 30 млн АҚШ долларынан аспады. Ұлттық қордың қаражатымен операциялар жүргізу кезінде Ұлттық банк нарықтың бейтарап қағидатын сақтайды. Бұл шетел валютасын тұрақты және біркелкі сату дегенді білдіреді. Осы тәжірибе валюта нарығына Ұлттық Қор операцияларының әсерін барынша азайтуға мүмкіндік береді.
«БЖЗҚ зейнетақы активтерінің валюталық үлесін 30% деңгейінде ұстап тұру мақсатында Ұлттық Банк ақпанда биржалық сауда-саттықта шетел валютасын сатып алуды жүзеге асырды, оның жалпы сомасы 226 млн АҚШ доллары на шықты немесе нарықтың жалпы көлемінен шамамен 9% болды. Ақпанда Ұлттық банк валюталық интервенциялар жүргізген жоқ», – делінген хабарламада.
Орталық банк мамандарының мәлімдеуінше, наурызда Ұлттық қордан нақты сату көлемі Қаржы министрлігінің республикалық бюджетке трансферттерді бөлуге арналған өтініміне байланысты болады.
«Қаржы министрлігінің қажетті трансферттердің сомасы бойынша ағымдағы болжамды бағдарлары негізінде алдын ала Ұлттық банк теңге түсімдеріне қарай 750-ден 850 млн АҚШ долларына дейін мөлшерде валюта сатуды жоспарлап отыр. БЖЗҚ зейнетақы активтерінің валюталық үлесін қолдау үшін наурызда 200-ден 240 млн АҚШ долларына дейін мөлшерде валюта сатып алынады деп күтіледі», – делінген ҰБ хабарламасында.
Тэги:
Похожие материалы
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024