Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

«Ақымақ банкомат». Ресейлік банкоматтардың көпшілігі жасанды ақшаны айыра алмайды

«Ақымақ банкомат». Ресейлік банкоматтардың көпшілігі жасанды ақшаны айыра алмайды

Москва. 29 тамыз. 7kun.kz – Москвадағы Юникредит-банктің банкоматын белгісіз біреу 800 000 жасанды рубльмен толтырып кеткен.  Бұған себеп – банкоматтардағы ақша танушы құралдағы бағдарламаның ескіруі, деп жазады secretmag.ru.

Бұл мәселені банктер  3 жыл бұрын білген еді. РФ Орталық банкі 2018 жылдың ақпан айында банктерге бағдарламаларын жаңартуды ескерткен. Алайда оны әрбір банкоматқа қолдан орнату қажет. Сондықтан банктердің барлығы жаңалап болмаған.  

Ал алаяқтар болса бұл кемшілікті жиі пайдаланып, банктерді шығынға батырып жүр.  Бағдарламасында ақау бар банкоматтардың көпшілігі – америкалық NCR компаниясының өнімі екен.  2019 жылдың басында Ресейде 200 000 астам банкомат болған. Оның 40 000 NCR өнімі. Олардың қатарында Сбербанк, ВТБ, Альфа-банк, Газпромбанк, Юникредит-банк, Райффайзенбанк, Росбанк  бар. Бұлардың ішінде Альфа-банк, ВТБ  мен Почта-банк  қана өздерінде еш мәселе жоғын мәлімдеген.  Қалғандары жалған ақшаны әлі де қабылдайды.

Похожие материалы