Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қарағанды облысында жүзге жуық үйді су басты

Қарағанды облысында жүзге жуық үйді су басты

Қарағанды облысында еріген қар суынан жүзден аса тұрғын-үй суға кетті. Бұл туралы аймақтың төтенше жағдайлар департаментінің (ТЖД) баспасөз қызметі хабарлады.

Қарағанды облысының бірнеше елді-мекендерінде көше, тұрғын-үйлер суға кетті. Қазіргі таңда еріген суды бұру жұмыстары ТЖД, ІІО, қалалық және аудандық әкімшіліктермен бірлесе отырып жасалуда.

Шет ауданының Ақадыр кентінің су құбырлары толып, Ақадыр-Ортау-Өспен автожолдары суға кеткен. Осының барлығы екі күндік толассыз жауған жаңбырдың әсерінен. 23 көшенің 101 үйі суға кетті. Бүгінде Ақадыр-Өспен автожолын қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

Қаражал қаласында бес қабаттық 3 тұрғын-үйді су басты.

Жаңаарқа ауданына қарасты Атасу станциясында 33 тұрғын-үйдің суға кету қаупі бар. Қауіпті аймақтан 41 адам көшіріліп, төрт-түлік мал қауіпсіз жерге айдалды. Ол жерде де еріген суды бұру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Одан бөлек, су басу қаупі бар жерлер қатарында Қарқаралы ауданының Матақ, Бүркітті, Қаракөл және Т. Әубәкіров атындағы ауылдар бар. Тиісті шаралар ол жерде де қолға алынуда.

 

Похожие материалы