Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Арзан баға ұсынатын интернет-алаяқтар көбейді

Арзан баға ұсынатын интернет-алаяқтар көбейді

Полиция интернетте тауарды «шұғыл сатамын» деп ұсынатын белгісіз сатушыларға сенбеуге шақырады. 

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, соңғы уақытта алаяқтар сатып алушыларды шектен тыс төмен бағамен және «соңғы баға», «қазір алып кетеді», «шұғыл сатамын» деген сөздер арқылы асықтырып, алдау әрекеттерін жиілеткен.

Полиция ескертуінше, кең таралған тәсілдердің бірі – шынайы емес тауардың фотосын, тіпті видеосын жіберу немесе хабарландыруға орналастыру. Кейін қаскөйлер «басқа сатып алушы бар» деген сылтаумен алдын ала төлемді немесе толық соманы аударуды талап етеді. Ақша түскен соң байланыс үзіледі: телефон өшіріледі, аккаунт жойылады, ал тауар жеткізілмейді.

Осыған байланысты полиция азаматтарды барынша сақ болуға үндейді және сатып алу кезінде тек қауіпсіз төлем тәсілдерін пайдалануға кеңес береді.

«Банк картасының деректерін, сондай-ақ SMS арқылы келетін құпия кодтарды бөгде адамдарға ешқашан бермеңіз. Егер алаяқтық әрекетке тап болсаңыз, «102» нөміріне хабарласыңыз», делінген полицияның gov.kz порталында жарияланған хабарламасында.

Полиция ұсынған қауіпсіздік шаралары:

  • бейтаныс сатушыға алдын ала төлем жасамаңыз, төлемді маркетплейстен тыс аудармаңыз;
  • тек платформаның қауіпсіз мәміле және ресми төлем қызметтерін қолданыңыз;
  • сатушыны міндетті түрде тексеріңіз: пікірлер, тіркелген уақыты, белсенділігі, жарияланым тарихы;
  • бағаны салыстырыңыз: тым арзан баға күмәнді белгі;
  • мүмкін болса, тауарды тексеріп, қолма-қол кездескеннен кейін ғана төлеңіз;
  • SMS-кодтарды, банк картасының деректерін және құпиясөздерді ешкімге айтпаңыз.

Ұқсас материалдар