Astana IT University -дің басшығы ауысты. Жаңа тағайындалған ректор Асқар Хикметов – әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің қолданбалы математика мамандығы бойынша түлегі, физика-математика ғылымдарының кандидаты.
Бұған дейін Алматыдағы Халықаралық ақпараттық технологиялар университетін басқарып, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде түрлі басшылық қызметтерді атқарған. 70-тен астам ғылыми жарияланымның авторы және Ұлыбританияда халықаралық бағдарлама бойынша білім алған.
«Маған Astana IT University-ді басқаруға үлкен сенім артылды – бұл үлкен жауапкершілік. IT секторы ел экономикасының барлық дерлік секторларының қызметіне әсер етеді. AITU-дың ерекше миссиясы – жоғары білікті мамандарды даярлау және Қазақстанның цифрлық трансформациясына тәжірибелік қатысу. Біздің ортақ мақсатымыз – университетті әлемдік ғылыми-білім беру кеңістігінде бәсекеге қабілетті инновациялар, ғылым және білім орталығына айналдыру. Менің қызметім AITU мен мыңдаған оқытушылар, қызметкерлер мен студенттердің мүдделеріне байланысты болады», - деді Асқар Хикметов жаңа ұжым алдында сөйлеген сөзінде.