Алматы. 10 желтоқсан. 7kun.kz – Алдағы бес жылда Астанада төрт жаңа аудан пайда болады. 10 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй салынады. Бұл туралы қала әкімінің бірінші орынбасары Сергей Хорошун мәлімдеді.
"4 негізгі аудан анықталды. Олар таяудағы 5 жылда салынатын болады. Әрбір аудан бойынша инженерлік желілер, су құбыры, канализация, энергиямен жабдықтау, жылумен жабдықтау құрылысымен байланысты мәселелерді пысықтадық", - деді Сергей Хорошун. Ресми өкілдің айтуынша, жаңа аудандар — Мыңжылдық аллеясы, Мәңгілік Ел даңғылы, Тұран даңғылы және Тельман тұрғын алабының аудандары. Тұрғын үй және инфрақұрылым құрылысынан басқа, қажет болған жағдайда аудандарды газбен жабдықтау желілерімен қамтамасыз етеді. Астананы 2022 жылға дейін газдандыру жоспарлануда. Сонымен қатар , Астананы алдағы уақытта "Алтын Адам" көпфункционалды кешені көркейтеді. Сондай-ақ медициналық және жеңіл атлетикалық орталық салынатын болады. Ғимарат шетелдік және жеке инвесторлардың, ұлттық компаниялардың қаражаты есебінен салынады.Похожие материалы
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024