Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Астанада жыл басынан бері 20 компания банкротқа ұшыраған

Астанада жыл басынан бері 20 компания банкротқа ұшыраған

Астана қаласында 5 айдың ішінде 20 компания банкротқа ұшыраған. Бұл жөнінде әдейі және жалған банкроттық фактілерін анықтау сұрақтары бойынша өткен дөңгелек үстелде Астана қаласының мемлекеттік кіріс департаментінің банкроттық және оңалту бөлімінің жетекшісі Асхат Мыкитан мәлімдеді.

«2015 жылдың 5 айының ішінде банкрот болды деп табылған кәсіпорындар саны - 20. Осы статистикаға сәйкес, жыл сайын банкроттық көлемі азайып келеді деуге болады. Өткен жылдардағы көрсеткішпен салыстырғанда банкроттық көлемі 55 пайызға азайған», – дейді А. Мыкитан. Бөлім басшысының сөзіне сүйенсек, Астана қаласы бойынша жылына 100 шақты кәсіпорын банкротқа ұшырайды. Бұл барлық тіркелген салық төлеушілердің 0,15 пайызын құрайды. «Іс жүзінде банкрот-кәсіпорындардың 90 пайызында мүлік жоқ, есептік құжаттары реттелмеген. Көбіне активтері шығарылған, қайтару мерзімдері өтіп кеткеніне біраз болған. Құжаттар болмағандықтан анализ жүргізу мүмкін емес», - дейді ол. Банкрот деп танылғандар саны 2012 жылы 208, 2013 жылы - 126, 2014 - 93. Қазір Астана қаласы бойынша мемлекеттік кіріс департаменті жалған банкроттықты анықтау шараларын жүргізуді қолға алған.

Похожие материалы