Астана. 17 тамыз. 7kun.kz - Алаяқтық жағдайлардың жиілеп кеткеніне байланысты «Елорда даму» ЖШС жалға берілетін тұрғын үйді салу жөніндегі мемлекеттік бағдарламаға қатыспайтынын, тек Астана қаласындағы апатты тұрғын үйлерді бұзу бойынша пилоттық жобаны іске асыратынын хабарлайды.
«Елорда даму» ЖШС салған объектілердегі тұрғын үйлер «Астана қаласының тұрғын үй басқармасы» ММ-мен жасалған шарт негізінде сүрілген апатты үйлердің меншік иелеріне ғана беріледі. Әрі Астана қаласы, Қорғалжын тас жолы, 25/3 үй мекенжайы бойынша орналасқан кәсіпорынның сату бөлімінде ғана тікелей алына алады.
Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу үшін Астана қаласының әкімдігінде кезекте тұрған азаматтарға «Елорда даму» ЖШС объектілерінен пәтерлер берілмейді. Абай болыңыздар, алаяқтарға сенбеңіздер!