Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Автокөлік ұтысын ұйымдастырған блогерлерге айыппұл салынуы мүмкін

Автокөлік ұтысын ұйымдастырған блогерлерге айыппұл салынуы мүмкін

Эльмира Төлегенова мен Ерболат Жанәбілов 30 мың теңгелік курсты сатып алғандарға он көлік сыйлаймыз деп уәде еткен.

Курста олар онлайн-сервистер арқылы тауарға тапсырыс беруді үйрететінін жариялаған.

Бұл жайтты Құмар ойындар мен лотереяларды реттеу комитеті тексеріп жатыр. Жанәбіловке түсініктеме беру туралы хабарлама жіберілген. Егер ол жауап бермесе, ҚР ӘҚБтК-нің 445-1-бабы 6-бөлігі бойынша іс қозғалып, 100-ден 1000 АЕК-ке дейін айыппұл салынуы мүмкін.

Мәдениет және спорт министрлігі өкілдері заң бойынша лотереялар мен ұтыс ойындарын тек ресми операторлар өткізе алатынын еске салып, күмәнді «гивтерге» қатысудан сақ болуға шақырды.

Ұқсас материалдар