Экономика
Қазақстан және АҚШ ауыл шаруашылығын дамыту үшін ортақ жұмыстар атқарады
Алматы. 15 желтоқсан. 7kun.kz - Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов АҚШ-тың Ауыл шаруашылығы Министрлігінің Шетелдік Ауыл шаруашылығы қызметі бойынша кеңесшісі Диана Аяламен кездесті.
Кездесуде Қазақстан мен АҚШ-тың ауыл шаруашылық саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды. «Біз үшін басты бағыт – тамақ өнімдерін дайын және жартылай дайын етіп шығаратын салалардың дамуы. Қазақстан жағы өсіруден бастап терең өңдеу және өнімді саудалауға дейінгі толық циклды дұрыстау үшін америкалықтармен бірлескен кәсіпорындар құруға мүдделі. Біз тарапымыздан олардың жұмыс істеуіне қажетті барлық жағдайды жасауға әзірміз. Бізді сонымен қатар, аграрлық ғылым мен қажет технологиялар саласы да қызықтырады»,- атап өтті министр.Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024