Алматы. 2 наурыз. 7kun.kz — Жаңа бағдарламаны Назарбаев университеті ҚР Ұлттық банкімен біріге отырып іске қосады. Оқыту бағдарламасы қаржылық-техникалық және эконометрикаға бағытталған. Бұл туралы Forbes хабарлайды.
«Назарбаев университеті мен Ұлттық банк келіссөз барысында қаржы мамандары мектебін ашу туралы жоспар құрды. Онда экономика саласындағы жас мамандарды дайындауға арналған сапалы, кәсіби бағдарламаны іске қосу туралы шешім қабылданды. Олар Қазақстан қаржы секторының қозғаушы күші болады. Бұл елімізде сауатты және кәсіби қаржы мамандарын даярлап шығатын бірегей мектеп болады»,-дейді Назарбаев университеті бизнес мектебінің атқарушы директоры Асель Увалиева.
Білім алушылар Master of Science in Finance дәрежесіндегі «Қаржы ғылымдарының магистрі» болып шығады.
Бағдарлама 2017 жыл қыркүйектің соңына таман іске қосылады деп жоспарланып отыр. Оқыту процесі 14 айға созылады. Студенттер ағылшын тілінде білім алады. Оларға 12 міндетті және 3 таңдаулы пәндер ұсынылады.
Білім ордасы екі резиденцияда өтеді. Біріншісі Алматы қаласында Ұлттық банк базасында, ал екіншісі – шетелдік. Nazarbayev Universitу шетелдік серіктесін таңдап жатыр. Осы база бойынша студенттер басқа елдегі қаржы институттарға да бара алады. Қазір әлемнің ірі қаржы орталықтары Гонконг, Қытай және Франкфурт елдерінің ЖОО-мен келіссөздер жүргізіліп жатыр.
«Бағдарама басында гранттарды Ұлттық банк қаржыландыратын болады. Грант білім алу мен оқуға қажетті құралдар шығындарын өтейді. Грантқа тек Ұлттық банк қызметкерлері ғана емес, ретеуші критерийлеріне сай келетін кез-келген маман қатыса алады. Нәтижесінде ең үздік түлектер Ұлттық банкке жұмысқа орналастырылуы мүмкін. Жалпы алғашқы жылы 40 магистрді оқытуды жоспарлап отырмыз»,-деді Асель Увалиева.
Құжаттарды қабылдау 2016 жылдың желтоқсан айынан басталған.
Қосымша ақпаратты Nazarbayev University бизнес мектебінен біле аласыздар.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024