Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандағы ең үлкен ойын-сауық кешені Шымкентте салынады

Қазақстандағы ең үлкен ойын-сауық кешені Шымкентте салынады

ОҚО әкімі Бейбіт Атамқұловтың инвесторлармен кездесуінде «Shymkent mall»  сауда және ойын-сауық кешенін салу туралы шешім қабылданды. Бұл жөнінде 365info хабарлайды. 

Орталық 38 гектар жерде орналасатын болады. Оның аумағы - 120 мың шаршы метр. Жаңа сауда орталығында отбасылық демалысқа арналған көптеген нысандар салынады. Бұл жерде дүкендер, гипермаркет, кинотеатр, балалар ойын-сауық паркі, фуд-корт болады. Шымкент үшін үлкен жаңалық болғалы отырғаны - 15 мың шаршы метр аумақты алатын жабық аквапарк пен 40 мың шаршы метрлік фешн-галерея. Еліміздегі ең үлкен кешеннің құрылысына шамамен 42 млрд теңге кетеді деп жоспарланып отыр. Барлық жұмыстар аяқталған соң ол жерге 4 мыңдай адам жұмысқа алынады. Одан бөлек, кешеннің маңайында күніне 350 жолаушыға бір уақытта қызмет ете алатын 8 платформалы автовокзал салынады.

Похожие материалы