Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда жарты жылда 3,8 трлн теңге салық жиналды

Қазақстанда жарты жылда 3,8 трлн теңге салық жиналды

Алматы. 12 шілде. 7kun.kz - 2018 жылдың қаңтар-мамырында мемлекеттік бюджеттегі салық пен төлемдердің үлесі 3,8 трлн теңгені құрады.

2017 жылдың алғашқы жартыжылдығымен салыстырғанда қазыналық төлемдер 11,9% өсті.

Республикалық бюджетке 2,7 трлн теңгеге жуық төлем түсіп, 13,9% өсу байқалды. Ал жергілікті бюджет 1,1 трлн теңгені құрап, 7,3% көтерілді.

Ал салық төлемдері соңғы жарты жылда 3,6 трлн теңге болды. Соның ішінде табыс салығы 1,2 трлн болса, әлеуметтік салық 290,8 млрд, ішкі салық 1,3 трлн теңгені құрады.

Салыққа жатпайтын түсімнен 103,7 млрд теңге, негізгі капитал саудасынан 47 млрд теңге жиналды.

Похожие материалы