Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанның 2016 жылдағы ең танымал банктері

Қазақстанның 2016 жылдағы ең танымал банктері

«Медиа-систем» агенттігі Kapital.kz апталығының тапсырмасымен Қазақстандағы банктердің танымалдылық рейтингін жасап шығарды. Зерттеу барысында қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарында ең көп аты аталған топ-25 қаржылық институты қамтылды. Жалпы 2016 жылдың 8 қаңтар мен 28 желтоқсан аралығында 30 366 мақала жарық көрген.

Медиатанымалдылық жағынан Qazkom банкі бірінші орында тұр.

Былтыр QAZKOM банкі туралы БАҚ беттерінде 7328 материал жарияланған. Өткен жыл бұл қаржы институты үшін қарапайым болған жоқ, сондықтан ақпараттық оқиғаларға толы күйінде есте қалды. Өткен жылдың басында-ақ S&P рейтинг агенттігі банк рейтингін «В-дан»  «CCC» деңгейіне дейін төмендетіп тастады. Ал мамыр айында банк командасы мен акционері Кеңес Рақышевтің бірігіп жасаған жұмыстарынан кейін рейтинг аздап жоғарылаған. Одан кейін банкте кадрлар ауысып, басқарма төрағасы Мағжан Әуезов орынан кетіп, оның орнына Марк Хольцман келді. Жыл бойы топ-менеджменттің барлығына дерлік мүшесі ауысып шықты. Бұл, өз кезегінде, банктің БАҚ беттерінде жиі аталуының бірден-бір себебі.

Сонымен қатар, есте қаларлық жағдайлардың бірі – банктің Qazkom бренді болып қайта жаңаруы. Жыл соңында банктің Халық банкпен қосылатыны туралы алып-қашпа әңігмелерден кейін және президенттің бұл қаржы институтына көмек беру әңгімесінен соң оның айналасындағы жағдай шиеленісе түсті. Дегенмен, банктің баспасөз қызметі жыл соңында салық төлемей тұрып қаржы институтының пайдасы 64,5 млрд болғанын хабарлады. Бұл көрсеткіш 2015 жылдың 9 айында 5,8 млрд доллар болған еді. Сонымен қатар, бір жыл ішінде банк активтері 0,9%-ға өсіп, 5 139 млрд долларға жетті.

Халық банк БАҚ беттеріндегі танымалдылық жағынан Қазкомнан кейінгі екінші орынға жайғасты.

Бұл қаржы институтының басылымдарда 7156 рет аты аталған. Жыл бойы  банк ашық ақпараттық саясат жүргізген қаржы институттардың бірі болды. Себебі ол дәстүрлі баспасөз-конференцияларын өткізуді тоқтатқан жоқ, болып жатқан әрбір оқиға жайлы бұқараға ашық жариялап отырды. Өткен жылы Халық банктің еншілесі «Altyn Bank» өзінің жаңа сандық банкі «Altyn-i»-ды таныстырды. Ал маусым айында Халық банктің басқарма басшысы Үміт Шаяхметова тағы да бір қызметке отырып, UnionPay International Кеңесінің төрағалығына тағайындалған еді. Үміт Шаяхметованың медиабелсенділігі сайып келгенде Халық банктің БАҚ-тағы рейтингіне әсер етті деуге де болады. Қарапайым халыққа бөлшектік кредит беру бойынша бұл банк өткен жылы алғашқы орынға шықты.

2016 жылдың бірінші жарты жылдығында Халық банк өз пайдасын 3,4 пайызға көбейтіп, ҚР аумағындағы ең табысты бес банктің қатарынан табылды. Қараша айында банк өзінің еншілесі Altyn Bank-тың 60 пайыз акциясын CITIC Bank атты қытайдың стратегиялық инвесторына сату ниеті бар екенін айтқан еді. Бұл жаңалық та БАҚ беттерін біраз шарлады. Жыл соңында Қазком мен Халық банктің бірігуі туралы қауесет те қаржы институтының медиа-танымалдығына септігін тигізген. Үміт Шахметова 2016 жылдың 9 айлық есебін берген баспасөз-конференциясында түрлі сценарийлер қаралып жатқанын айтты. «Оның бірі Қазкоммен бірігу деп айта алмаймын, бірақ қандай да бір байланыс болуы мүмкін. Дәл бүгін нақты ештеңе дей алмаймын, себебі әлі айқын емес», - деген банк басшысы ол туралы. 2016 жылды банк позитив көрсеткішпен аяқтады. Үміт Шаяхметова International Banker халықаралық басылымының «Шығыс Еуропаның Үздік банкирі» атты марапатына ие болды. Мұндай марапат қазақстандық топ-менеджерге алғаш рет беріліп отыр.

Сбербанк АҚ медиатанымалдылық жағынан 3-орында.

Ресейлік банктің еншілесі мақалаларда 5617 аталған. Бірақ зерттеудің көрсетуі бойынша БАҚ назарын аударуға қазақстандағы Сбербанктің еншілесі ғана емес, Ресейлік Сбербанктің өзі де әсер етті. Өткен жылы банктің басшылығында ауыс-түйістер болды. Мысалы, Наталья Лазарева директорлар кеңесінің төрағасы болды. Тамыз айында Сбербанк Қазақстандағы алтын кен өндірісіндегі ең ірі мекемелердің бірі «Қазақалтын» АҚ қаржыландырды.

Бірақ айтуға тұрарлықтай ең маңызды ақпараттық танымалдылыққа (176 мақала) Ресей Сбербанкі АҚ еншілес банкі ғимарат жанында болған криминалдық оқиға арқылы қол жеткізді. 2016 жылдың 31 қазанында БАҚ Сбербанк пен Банк ЦентрКредит орналасқан «Алатау Гранд» БО алдында атыс болған.

Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі 4114 жарияланымға ие болып,  рейтингте төртінші орынды алған.

Алғаш рет бұл банк сәуір айында өзіне жұртшылықтың назарын аударды. Ол кезде БАҚ 200 мыңға жуық салымшы өтемақысыз қалуы мүмкін деп хабарлаған болатын. Екінші медиабелсенділік маусым айында байқалған. Бұл кезде Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі өтемақы төлеуге арналған келісімнің мерзімін ұзартты. Ал шілде айында «Қолжетімді тұрғынүй – 2020» бағдарламасы арқылы банк БАҚ-тағы танымалдығын арттырды.

Қолжетімді тұрғын үй құрылысын қаржыландыруды Тұрғынүйқұрылысжинақ банкі мен «Қазақстандық ипотекалық компаниясы» арқылы ұйымдастыру жоспарланған. «Бәйтерек» ұлттық басқару холдингінің» басқарма төрағасы Ерболат Досаев осы айда директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды.

Банк ЦентрКредит мадиатанымалдылық тұрғысынан бесінші орында.

Банктің аты БАҚ беттерінде 3221 рет аталған. Жыл басында БЦК өзнің еншілес банкін ресейлік жеке инвесторларға сатпақшы деген хабар тарады. Сонымен қатар, наурызда Сбербанк пен Банк ЦенртКредит халыққа ипотека бере бастады деген ақпарат жарияланды. Өткен жылы Еуразиялық даму банкі «Банк ЦентрКредит» АҚ 10 млн доллар көлеміндегі қайта жаңартылған кредиттік желісін ұсынды.

Берілген кредит Еуразиялық даму банкі қатысушыларының мемлекетаралық импорт-экспорттық келісімдерді қаржыландыруға жұмсалады. Сонымен, 2016 жылы аталмыш қаржы институттары нарықтағы ең басты спикерлер болды. Ал ең медиабелсенді банктердің ондығын төмендегі инфографикадан көре аласыздар.

Похожие материалы