Экономика
Қазақстанның бидай экспорты 10 пайызға төмендеді
Алматы. 7 қараша. 7kun.kz - Қазақстанның бидайына сұраныс азайған. Бір жыл ішінде экспорт 10 пайызға төмендеп, баға 0,4 пайызға түсіп кеткен. Бұл туралы FinProm.kz хабарлайды.
FinProm.kz-тің мәлімдеуінше, негізінен Иран мен Ресейге жөнелтілетін бидай көлемі азайған. Ал 2012 жылмен салыстырғанда қазақстадық бидай мен зәйтүн майының экспорты 23 пайызға төмендеген.
2017 жылдың алғашқы сегіз айында Қазақстан шетелдерге 2,4 млн тонна бидай экспорттаған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 10,1 пайызға аз. Соңғы сегіз айда бидай экспортынан 381,9 млн доллар табыс түскен. Бұл соңғы бес жылдағы ең аз түсім.
Қазақстаннан ең көп мөлшерде бидай тасымалданатын бес елдің қатарында Өзбекстан мен Тәжікстан көш бастап тұр. Үшінші орында Иран болса, бұған дейін "бестіктің" қатарында болған Ресейдің орнын Италия мен Қырғызстан иемденді.
Бұған дейін 2017 жылдың жарты жылында бидай экспорты 16 пайызға төмендегендігі туралы ақпарат шыққан еді.