Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Bazis-A мен BI Group бастаған компаниялар 17 млрд теңге салық төледі

Bazis-A мен BI Group бастаған компаниялар 17 млрд теңге салық төледі

Мемлекеттік кірістер комитеті 12 наурыздан бастап салық төлеушілер нақтыланған есептерді тапсырып, салықтарды аудара бастағанын хабарлады.

Талдау нәтижесінде 633 салық төлеушіге, оның ішінде 172 құрылыс компаниясына, сондай-ақ сауда және басқа да қызмет түрлерімен айналысатын 102 кәсіпорынға салықтық табысты төмендету белгілері бар екені туралы хабарлама жіберілген. Нәтижесінде қазірдің өзінде бюджетке 17 млрд теңге салық төлемі түсті. Оның ішінде «Bazis-A» және «BI Group» компаниялары да бар. Деректерді салыстыру жұмыстары жалғасып жатыр.

Еске салайық, 28 ақпанда премьер-министр Олжас Бектенов ірі бизнес өкілдерін, соның ішінде «Bazis-A» және «BI Group» құрылыс компанияларын сынға алып, салық төлеуге екі апта уақыт берген еді.

Ұқсас материалдар