7kun.kz тұрақты авторы, қазақстандық экономист Берлин Иришев "Кризис евро и глобальные риски" кітабы үшін Ресейдің кітап бастырушылар қауымдастығының "Лучшие книги года" байқауының дипломын алды.
Parlink Consulting (Париж) басқарушы серіктесі, CERI-Sciences Po (Париж) орталығының зерттеу жөніндегі серіктесі, Ресей ғылым академиясының Еуропа институты басқармасының кеңесшісі, экономика ғылымдарының докторы Берлин Иришевтің "Кризис евро и глобальные риски" кітабы 2014 жылдың сәуір айында Ресейдің "Весь мир" баспасында жарық көрді. 2015 жылы баспа үйі қазақстандық экономистің кітабын Ресейдің кітап бастырушылар қауымдастығының "Лучшие книги года" байқауына жіберді. Сарапшылар алқасы 17 санат бойынша үздік кітаптарды таңдайды. Берлин Иришевтің "Кризис евро и глобальные риски" кітабы "Үздік іскерлік әдебиет басылымы" номинациясында бір басылымға ғана есе жіберіп, құрметті дипломға ие болды. Ғылыми зерттеу авторы кітабының байқауға қатысып жатқанын білмеген. Алайда ол қазіргі кезде ортақ еуропалық валюта дағдарысы кітапта жазылған сценариймен өрбіп жатқанын айтты. "Менің кітабымның тақырыбы өз өзектілігін жоғалтқан жоқ, керісінше, оның мазмұны көптеген мамандар мен сарапшыларды назарын аударды. Қауіп артып, жаһандық сипатқа ие болып келеді, мұнда шикізат экспортына бағдарланған барлық елдердің мүдделері қозғалып отыр", - деп мәлімдеді Берлин Иришев. "Кризис евро и глобальные риски" кітабымен қатар Берлин Иришев интеграциялық модельдің түрлі аспектілерін ашып көрсететін "Франция: вхождение в XXI век" (2002) және "Евросоюз: опыт интеграционной модели" (2009) кітаптарының авторы. Зерттеулердің жалпы көлемі 1500 беттен асады. Ақпарат көзі: Forbes.kz Сайтымызда Бердин Иришев жеке блог жүргізеді. Экономикалық процестерді қарапайым тілмен түсіндіретін жазбаларын мына жерден оқи аласыз.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024