Экономика
Біріктірілген Салық және Кедендік кодекс Парламентке 1 қыркүйекте жолданады
Оның айтуынша, қандай салық тиімді деген сауал тәуелсіздік алғалы бері талқыланып келеді. Қазіргі уақытта салық түрлеріне қатысты сараптама өткізілуде. Алайда, бұл мәселе біржақты шешілмей отыр.
«Осы уақытқа дейін бизнес пен билік елде қандай салық түрі болады: сатылымнан түскен салық немесе қосымша құн салығы қалуы тиіс па деген сауалда ортақ ымыраға келуі тиіс», - деп атап өтті Е.Досаев.
Ол Мемлекет басшысы қажетті есептеулер жасап, бизнеспен тілдесуді, қандай салық қажет екенін анықтауды нақты тапсырғанын еске салып өтті.
«Біз біріктірілген Салық және Кедендік кодексті жасадық, ол 1 қыркүйекте Парламентке жолданады. Демек, нақты шешім сонда көрсетіледі», - деді Е.Досаев.