Алматы. 21 ақпан. 7kun.kz – Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Д.Т. Ақышев Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің «Халық коммунистері» фракциясынан депутаттары А.О. Қоңыровтың, Ж. А. Ахметбековтің, Г.А. Баймаханованың, М.М. Магеррамовтың, В.Б. Косаревтың, И.В. Смирнованың, Т.И. Сыздықовтың депутаттық сауалына жауап берді.
«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мақсаты баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылатындығы белгілі. Инфляция бойынша 2019 жылға арналған нысаналы бағдар 4-6% болып табылады. 4%-ға жуық болатын инфляцияның деңгейі оңтайлы болып табылады, ол, бір жағынан оның орнықтылығын және инфляциялық процестердің басқарылуын қамтамасыз етуге, екінші жағынан – экономикалық субъектілердің кәсіпкерлік қызметті ұзақ мерзімді жоспарлауы үшін қажетті жағдайлар жасауға, осылайша, тұтастай алғанда экономикалық өсуге ықпал етуге мүмкіндік береді», - дейді Ақышев.
Оның айтуынша, әлемнің бірде-бір елінде орталық банкке кредиттеу көлемі бойынша нысаналы бағдар бекітілмегенін халықаралық тәжірибеге жасалған талдау көрсетіп отыр. Сонымен бірге мұндай практика инфляция бойынша мақсатқа қол жеткізу жөніндегі, сол сияқты қаржы секторының даму тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шараларға қайшы келеді. Бірінші жағдайда жүргізіліп отырған ақша-кредит саясатын қосымша ақша шығару (оның ішінде нарықтық емес талаптармен өтімділік беру арқылы) арқылы жұмсарту немесе базалық мөлшерлеме және Ұлттық Банк операциялары бойынша мөлшерлемелер деңгейін төмендету қажет (инфляцияға қол жеткізу жөніндегі шараларға қайшы келеді). Нәтижесінде инфляция өседі, жинақ ақша, баға белгілеу және есеп айырысу долларланады, ұлттық валюта әлсірейді. Екінші жағдайда пруденциялық реттеу мен қадағалауды жұмсарту қажет (қаржы секторының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шараларға қайшы келеді), оның нәтижесінде қаржы ұйымдары активтерінің сапасы нашарлайды, олардың қаржылық орнықтылығы төмендейді және олардың депозиторларына тәуекел болады.
Бұл ретте Ұлттық Банктің тарапынан Үкіметпен бірлесіп іске асырылған экономикаға қолдау көрсетудің нысандарының болуы мүмкін деп санаймыз. Өндірістік сектор үшін кредиттік ресурстарға қолжетімділікті ұлғайту жөніндегі шаралар шеңберінде ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысымен өңдеу өнеркәсібінде және агроөнеркәсіптік кешенде қызметін жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерін қолдау үшін 2018 - 2020 жылдары екінші деңгейдегі банктерді қаржыландыру көзделетін басым жобаларды кредиттеу тетігі бекітілді. Бағдарламада Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері және Ұлттық Банктің меншікті қаражаты есебінен тепе-тең негізде жылдық 11%-ға дейін сыйақы мөлшерлемелері бойынша 7 жылға дейін өтеу мерзімі бар 600 млрд. теңге бөлу болжанады. Бұл ретте қарыз алушылар үшін түпкілікті мөлшерлеме 7% мөлшеріндегі пайыздық мөлшерлемеге қатысты субсидиялау есебінен 8%-дан аспайтын болады. Бағдарламаның операторы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ болып табылады, ол сыйақы мөлшерлемесін субсидиялайды, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктерге берілген қаражатты нысаналы және уақтылы қаржыландыруға мониторингті және кредиттерді мақсатқа сай пайдалануды жүзеге асыратын болады.
Үкіметтің және ұйымдармен, «Атамекен» ҰКП және Қазақстандық индустрия дамыту институтымен (ҚИДИ) бірлескен жұмыстың нәтижесінде Басым жобаларды кредиттеуге арналған тауарлар тізбесі жасалды, ол 36 тауар топтарынан, 65 ЭҚЖЖ және 365 тауар позициясынан тұрады.
Жалпы алғанда, Ұлттық Банкке өңдеуші өнеркәсіпке және ауыл шаруашылығына бағытталатын кредиттер деңгейі бойынша, ұзақ мерзімді кредиттердің үлесі бойынша, сыйақы мөлшерлемесінің мөлшері бойынша, сондай-ақ сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға арналған мемлекеттік қолдау деңгейі бойынша нысаналы бағдарларды бекітіп беру тәуекелдер санының артуына, жүргізіліп отырған ақша-кредит саясаты тиімділігінің төмендеуіне, сондай-ақ Қазақстанның макроэкономикалық тұрақтылығына теріс әсерін тигізеді деп санаймыз.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024