Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Доллар бағамы 337 теңге деңгейінде сақталады (Видео)

Доллар бағамы 337 теңге деңгейінде сақталады (Видео)

Осы  аптада доллар бағамы 337,0 теңге, еуро 376-380,50 теңге деңгейінде сақталады. Бұл туралы ресейлік «Альпари» компаниясының сарапшысы Анна Бодрова мәлімдеді.

Оның сөзінше, мұнай бағасы маусымның кезекті аптасында төмендейді. Brent сортының баррелі 50,02 доллар (-1,0%) деңгейінде болады. Ал америкалық доллар федералды резерв жүйесінің кезекті отырысының уақыты жақындауына байланысты әлемдік аренада қайтадан өз позициясын нығайтуы мүмкін. Сондай-ақ, осы аптада алтын құны да қымбаттайды: апта басында бағалы металдың троя унциясы 1286 доллар болады деп болжанып отыр.

Апта басы ұлттық валютаның АҚШ долларына қатысты әлсіреуінен басталды. Америкалық валютаның орташа бағамы 335,81 теңгені құрады. Ал өткен аптада мұнай бағасының қымбаттауына байланысты теңге нығайған болатын.

Похожие материалы