
Экономиканың нақты секторында кооперацияны дамыту мақсатында 2024 жылы ЕАЭО шеңберінде өнеркәсіп саласындағы бірлескен кооперациялық жобаларға қаржылық жәрдемдесу тетігі қолданысқа енгізілгенін атап өту қажет.
Бұл тетік ЕАЭО бюджеті есебінен қаржы ұйымдары беретін кредиттер мен қарыздардың пайыздық мөлшерлемесін субсидиялауды көздейді.
Айта кетейік, ЕАЭО елдері мемлекеттері мен үкіметтерінің басшылары агроөнеркәсіптік кешенге қаржылай жәрдемдесу тетігін тарату қажеттігін бірнеше рет атап өткен еді.
Осылайша, ЕАЭО елдерінің ауыл шаруашылығы саласының қазіргі жай-күйін талдау негізінде және Қазақстан экономикасы үшін аграрлық азық-түлік секторының маңыздылығын ескере отырып, келесі басым бағыттар айқындалды:
- ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің селекциясы мен тұқым шаруашылығын дамыту;
- мал шаруашылығының тұрақты дамуы;
- ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу;
- АӨК инфрақұрылымын дамыту.
Бүгінгі таңда Комиссия тараптармен бірлесіп, қаржылық жәрдемдесу тетігінің негізгі шарттарын және агроөнеркәсіптік кешеннің кооперациялық жобаларын іріктеу критерийін айқындауға тиіс Ереженің тиісті жобасын әзірлеуді қоса алғанда, ЕАЭО-ның нормативтік құқықтық базасына өзгерістер енгізу жөніндегі жұмысты бастады.
Атқарылған жұмыстың нәтижелері биылғы жылдың екінші жартыжылдығында жоспарланған Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кезекті отырысында ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің үкімет басшыларына ұсынылатын болады.
Тұтастай алғанда, қазақстандық фермерлер үшін агроөнеркәсіптік кешенде қаржылық қолдау тетіктерін қолдану ЕАЭО елдерінің бизнесімен бірлесіп кооперацияда өз технологияларын дамытуға, жеткізудің және ресурстық қамтамасыз етудің тиімді тізбектерін құруға мүмкіндік береді.