Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ел шенеуніктерінің табысы жарияланатын болады

Ел шенеуніктерінің табысы жарияланатын болады

Қазақстандық шенеуніктер мен олардың отбасы мүшелерінің табысы жарияланатын болады. Парламенттің қарауындағы "Ақпаратқа қол жетімділік туралы" заң жобасында осындай норма бекітілген деп хабарлайды "Мегаполис" газеті.

Басылымның атап өтуінше, шенеуінктердің табысын жариялау қажеттілігі осыған дейін де көтерілген. Мәжіліс депутаты Мәулен Әшімбаевтың сөзінше, заң жобасында шенеуніктер мен олардың отбасы мүшелерінің табыстары жазылған декларациядағы ақпаратқа қол жеткізуге шектеу қою қарастырылмаған.

Сондай-ақ, төтенше жағдайлар, теракт, қоршаған ортаны қорғау, Ұлттық банктегі алтынвалюталы актив мөлшері, Ұлттық Қордың активі және бағалы тас пен металлдың үкіметтік қоры туралы да ақпараттарға шектеу қойылмаған. Мәжілісменнің атап өтуінше, "Ақпаратқа қол жетімділік туралы" және "Қоғамдық бақылау туралы", "Жемқорлыққа қарсы күрес туралы" заң жобалары осы жылдың соңына дейін қабылданатын болады.

Басылымның атап өтуінше, осы жылдан бастап шенеуіктер мен ұлттық компания, мемлекеттік мекеме қызметкерлері және мемлекеттік кәсіпорындар активтері мен міндеттері туралы декларацияны жариялауға міндетті. Ал 2017 жылдан бастап Қазақстан Республикасы аумағында тіркелген барлық тұрғындар осындай декларация тапсыруға міндетті болады.

 

Похожие материалы