Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Ерлан Қарин Қазақстанның стратегиялық даму мәселелері жөніндегі сарапшылар тобын басқарды

Ерлан Қарин Қазақстанның стратегиялық даму мәселелері жөніндегі сарапшылар тобын басқарды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елдің ұзақ мерзімді даму басымдықтарымен айқындаумен айналысатын Стратегиялық даму мәселелері жөніндегі сарапшылар тобының құрамын бекітті. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.
«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Стратегиялық даму мәселелері жөніндегі сарапшылар тобы туралы» өкімге қол қойды. Стратегиялық даму мәселелері жөніндегі сарапшылар тобы — Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді дамуының тұжырымдамалық тәсілдері мен басымдықтарын сараптамалық тұрғыдан пысықтау мақсатында құрылған президент жанындағы консультативтік-кеңесші орган», - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.
Сарапшылар тобының құрамына топ жетекшісі, вице-президент Ерлан Қарин, Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Айда Балаева, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, бірқатар Құрылтай депутаты, «Қазақстан Халық Кеңесінің» мүшелері, қоғам қайраткерлері және басқа да тұлғалар кірді.

Сарапшылар тобының негізгі міндеттері - тұжырымдамалық тәсілдерді айқындау және сараптамалық тұрғыдан пысықтау, сондай-ақ аналитикалық, әлеуметтік және форсайт-зерттеулердің нәтижелерін талқылау.

Топтың жұмыс органы - президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты.

Сарапшылар тобының отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ айына кемінде бір рет өткізіледі. Отырыстарға мемлекеттік органдардың, ғылыми ұйымдардың, сарапшылар қауымдастығының, бизнес пен азаматтық қоғам өкілдері, сондай-ақ топ құрамына кірмейтін өзге мамандар шақырылуы мүмкін.

Ұқсас материалдар