Америкалық Ford компаниясы қауіпсіздік белдігінен ақау шыққан 112 600 көлікті қайтарып жатыр.
Бұл туралы Reuters АҚШ Ұлттық жол қозғалысы қауіпсіздігі басқармасына (NHTSA) сілтеме жасап хабарлады.
NHTSA-ға қауіпсіздік белдігін бекіту құрылғысының абайсызда өздігінен жұмыс істеп кетуі туралы шағымдар келіп түскен. Қатты дыбыс шығарғаннан кейін белдік тез тартылып қала берген.
Кері қайтарылған көліктер арасында 2019-2020 жылдары шығарылған Ford Expedition және Lincoln Navigator үлгілері бар.
NHTSA мәліметтері бойынша, тарту күшінің жоғалуы мен электр жүйесінің істен шығуына байланысты 456 000-нан астам Ford көліктеріне қатысты тергеу басталған. Тергеу барысында 2021-2024 жылдары шығарылған Ford Bronco Sport кроссоверлері мен Maverick пикаптары зерттеледі.