Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Халықаралық рейтингте Қазақстан алпауыт елдерді басып озды

Халықаралық рейтингте Қазақстан алпауыт елдерді басып озды

Алдыңғы қатарлы 61 ел экономикасының тізімінде 2015 жылы Қазақстан 34-орында. Десе де, ағымдағы жылы бәсекеге қабілеттілік рейтингінде екі орынға түсіп кетті. Аталған рейтингті IMD швейцариялық бизнес-мектебі жүргізеді.

Қазақстан халықаралық рейтингте Испания, Чили, Мексика, Түркия секілді елдерді басып озды. АҚШ, Швейцария. Гонконг, Сингапур сынды елдер рейтингте көш бастап тұр. Ресей болса, 38-орыннан 45-орынға түсіп кетті. Рейтинг жасаушылар Украинаның шығыс бөлігіндегі жағдайларға байланысты әлемдік экономикаға жағымсыз әсер байқалғанын айтып отыр. Украина тізімде 60-орында тұр. Яғни, ең соңғы елдің алдында тұр. Бұрынғы орнынан 11 көрсеткішке түскен. Бизнестің тиімділігі пайда табу мен инновацияларды енгізуге жасалған ұлттық жағдайға байланысты болады. Бұл өнімділікпен, еңбек және қаржы нарығындағы жағдаймен бағаланады. Өнімділікті арртыру барлық елдер үшін маңызды мәселе делінген рейтингте. Бәсекеге қабілеттілік рейтингі 300 түрлі критерийлермен есептеледі. Сонымен қатар, мынадай негізгі көрсеткіштерге баса назар аударылады: экономика жағдайы, инфрақұрылым жағдайы, биліктің тиімділігі және іскер ортаның ахуалы.

Похожие материалы