Америкалық Intel чип өндірушісі кванттық компьютер құруға бағытталған халықаралық альянстың жұмысына 50 млн доллар салмақ. Егер жоба іске асса, мемлекеттік құпияны бірнеше күн ішінде ашып оқуға болады.
Компанияның ресми мәлімдеуі бойынша, Intel алдағы 10 жылда квантты сферада голландтық Дельфтегі Технологиялық университетпен және голландиялық қолданбалы зерттеулер ұйымымен серіктес болуды жоспарлап отыр. Қаржылай инвестициядан бөлек компания зерттеушілерді инженерлік ресурспен қамтамасыз етпек. "Кванттық компьютер толығымен іске қосылған дейін әлі 10 жыл уақыт бар. Бірақ бүгінде біз жариялап отырған теориялық және тәжірибелік зерттеулердің бұл жолдағы ролі өте маңызды", - деп мәлімдеді корпорацияның зерттеулер бойынша директоры Майк Мейберри. Шілде айында Intel мен Micron мәліметтер сақтау үшін қатқыл дискіні де, жедел жадты да алмастыра алатын абсолютті жаңа архитектура құрастырып шығарғандары белгілі болды. 3D XPoint жүйесі NAND базасындағы дәстүрлі жүйелерге қарағанда мың есе жылдам жұмыс істейді. Еске салайық, Intel ІІ тоқсанды Уолл-стрит сарапшыларының болжамы бойынша үздік көрсеткішпен аяқтайды. Алайда мобильді құрылғыға арналған чип шығаратын бөлімнен келетін түсім қысқарған.Похожие материалы
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024