Алматы. 6 ақпан. 7kun.kz – Астанада Дүниежүзілік сауда орталығының құрылысы шамамен 300 млн долларға бағаланып отыр.
Астана қаласының Инвестициялар және бизнесті дамыту департаментінде инвестор тек құрылыс жұмыстары, жұмыс орны мен брендтер саны бойынша жұмыс жасайтынын хабарлады.
«Жобаны қаржыландыру инвестордың қаражаты есебінен жүзеге асырылады, алдын ала ақпарат бойынша инвестиция сомасы аталған учаскелердің бірін игеру үшін шамамен $300 млн.құрайды. Сонымен қатар, қосымша жер телімдері берілген жағдайда, жоба кеңейтілуі мүмкін», – деп түсіндірді ведомстводан.
WTCA құрылыс жобасы Nest Investments Holdings компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылатын болады.
Объектіде офистік үй-жайлар, co-working кеңістіктер, конференц-орталықтар, оранжереялар, ойын-сауық және қызмет көрсету орталықтары орналасатын болады деп жоспарлануда.
Сонымен қатар, Дүниежүзілік Сауда Орталығы еуропалық құқық негізінде жұмыс істейтінін атап өткен жөн.
«Бұл орталықты құру елге ірі ғаламдық корпорацияларды, қаржы институттарын және шетелдік инвестицияларды тартуға мүмкіндік береді», - делінген хабарламада.
Похожие материалы
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024