Карантин кезінде қазақстандықтар әлемдік онлайн дүкендерден көбіне үйге қажетті заттарды сатып алған
Карантин кезінде қазақстандықтар AliExpress -тен үйге арналған және үйді жөндеуге арналған тауарларды көп сатып алған.
Мысалы: 2021 жылдың наурызында өткен жылмен салыстырғанда электр аралардың сатылымдары 3,4 есе, розеткалар – 3,1 есе, қабырғаларды өңдеу мен әрлеуге арналған материалдар – 2,6 есе, бұрғылар – 2,2 есе, құралдар жиынтығы – 1,9 есе өскен. Бұл туралы PBN Hill+Knowlton Strategies хабарлады.
Сонымен қатар өткен жылы түсқағаздарға сұраныс 2,7 есеге, ал қабырғаларды бояуға арналған құралдарға сұраныс 2,6 есеге артқан. Үйін жөндеген қазақстандықтар бейтарап реңктегі бір түсті түс қағаздарды көбірек сатып алған.
Қазақстан тұрғындары сонымен бірге декор элементтерін де сатып алған: құмыралар мен мүсіншелер (сұраныс 3,7 есеге өсті), майшамдар мен шам қойғыштар (сұраныс 3,3 есеге өсті), декоративті жастықтар (сұраныс 3,9 есеге өсті), дивандар мен креслоларға арналған жапқыштар (сұраныс 2 есеге өсті),сонымен бірге әртүрлі хош иістер мен арома-шамдар (сұраныс 3,8 есеге өсті).
Сонымен қатар отандастарымыз, температураны қадағалаудың смарт жүйелерін, жылы едендерге арналған термостаттарды және ақылды үйге арналған өзге жүйелерді белсенді сатып алған. 2021 жылдың наурыз айында осы девайстардың сатылымы өткен жылмен салыстырғанда 7,5 есе өскен.
Карантиннен кейінгі трендтің тағы бірі – үйде әуесқойлық бұйымдар жасау. AliExpress-тен қазақстандықтар майшамдарды жасап шығаруға арналған жиынтықтар (сатылымдар 8 есеге өскен), құмыра ісіне арналған жинақтар (сатылымдар 3,4 есеге өскен), былғары қолөнерінің бұйымдары (сатылымдар 2,4 есеге өскен), өсімдіктерді күтуге арналған (сатылымдар 2,6 есеге өскен) және ағаштарды өңдеуге арналған құралдар (сатылымдар 1,9 есеге өскен) сатып алған.