Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Kaspi 2026 жылдың басында Apple Pay және Google Pay төлемдерін іске қосады

Kaspi 2026 жылдың басында Apple Pay және Google Pay төлемдерін іске қосады

Kaspi.kz 2026 жылдың басында Apple Pay және Google Pay қызметтерін қосады. Бұл туралы компанияның әлеуметтік желідегі ресми парақшасында хабарлады.

Компанияның хабарлауынша клиенттер бұл мүмкіндікті бұрыннан сұрап келеді, әсіресе шетелге саяхат кезінде Kaspi QR арқылы төлеу мүмкін болмаған жағдайда картамен есеп айырысуға тура келеді.

Компания бұл бағыттағы жұмыс қазірдің өзінде жүріп жатқанын және жаңа функцияның келесі жылдың басында іске қосылатынын мәлімдеді. Сонымен қатар бұл жаңашылдық Kaspi-дің қолданыстағы төлем тәсілдерін алмастырмайтынын атап өтті.

Kaspi өз технологиясы – Kaspi Alaqan (қолмен төлеу жүйесі) жобасын дамытуды жалғастырып жатыр. Компания өкілдерінің айтуынша, адамның алақанының құрылымы әрқайсысында бірегей, ал жүйе оны шифрланған үлгі арқылы таниды. Бұл – ең қауіпсіз төлем тәсілдерінің бірі.

Kaspi Alaqan жобасы біртұтас QR жүйесін алмастыруға арналмаған және Ұлттық банкпен бірлесіп жүзеге асырылуда. Мақсат – клиенттердің кез келген банктің QR коды арқылы төлем жасай алуына мүмкіндік беру.

«Alaqan» атауы қазақ тілінде «алақан» дегенді білдіреді. Kaspi түсіндіргендей, Kaspi QR –код арқылы төлеу, ал Kaspi Alaqan – алақан арқылы төлеу.

Компания биометриялық деректердің толықтай шифрланып, тек бірегей код түрінде сақталатынын және төлем растау кезінде ғана қолданылатынын мәлімдеді. Барлық операциялар халықаралық қауіпсіздік стандарттарына сай қорғалған, ал бұл функцияны қалаған уақытта өшіруге болады.

Ұқсас материалдар