Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Қазақстан 12 миллион тонна астық экспорттайды

Қазақстан 12 миллион тонна астық экспорттайды

 Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин астық тасымалдағыш пен жабық вагондардың сақадай-сай тұрғанын жеткізді. 

– Бүгінгі күні астық тасымалдауға шамамен 11,8 мың астық тасымалдағыш пен 16 мың жабық вагон жұмылдырылған. Қолданыстағы парк астық тасымалдау қажеттілігін толықтай қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Барлық бағытта астық жүктерімен вагондардың нормативтік айналымы қамтамасыз етілген. Биыл астық экспортының әлеуеті 12 млн тонна деңгейінде болжанып отыр, – дейді вице-премьер.

Серік Жұманғариннің сөзінше, биылғы жылдың 11 айы қорытындысында «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы 9,2 млн тонна астық жүгін тасымалдаған. Оның 7 миллион тоннасы экспортқа шығып отыр. 

– Оның 2,2 млн тоннасы ішкі бағыттар бойынша болса, 7 млн тоннасы экспортқа жіберілді. Жаңа егін экспорты (қыркүйек-қараша) 2 млн 871 мың тоннаны құрады. Бұл 2023 жылдың дәл осындай кезеңімен салыстырғанда (1 млн 907 тонна) 51 пайызға жоғары, – деді ол.

 

Ұқсас материалдар