Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Қазақстан AI-экономиканы дамытатын Pax Silica халықаралық альянсына қосылды

Қазақстан AI-экономиканы дамытатын Pax Silica халықаралық альянсына қосылды

Қазақстан өңірде алғашқылардың бірі болып Pax Silica халықаралық технологиялық бастамасына қосылды.

Тиісті декларацияға Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев қол қойды.

Pax Silica жасанды интеллект, маңызды минералдар, жартылай өткізгіштер, деректер орталықтары мен жоғары технологиялық өндірістерді дамытуға бағытталған 15 елдің халықаралық альянсы.

Бастама Қазақстанға инвестиция тартуға, технологиялық серіктестікті кеңейтуге, жоғары технологиялық өндірістерді дамытуға және жаһандық жеткізу тізбегіндегі орнын нығайтуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ ел маңызды минералдарды терең өңдеу, деректер орталықтарын салу, инженерлік және AI-мамандарды даярлау бағытындағы жобаларға қатысады.

Сонымен қатар АҚШ қолдауымен жетекші университеттермен бірлескен білім беру және зерттеу бағдарламаларын іске асыру, сондай-ақ AI инфрақұрылымы мен инновациялық жобаларды дамыту көзделіп отыр.

Ұқсас материалдар