Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Қазақстан көмір өндірісін арттырып, 553 млрд теңге инвестиция тартуды жоспарлап отыр

Қазақстан көмір өндірісін арттырып, 553 млрд теңге инвестиция тартуды жоспарлап отыр

Қазақстан көмір өнеркәсібін дамыту мен экспорттық әлеуетті күшейту бағытындағы жұмыстарды жалғастырып жатыр.

2025 жылдың қорытындысы бойынша елде 115 млн тонна көмір өндірілген. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 7%-ға көп.

Өндірілген көмірдің:
– 85 млн тоннасы ішкі нарық пен коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерге;
– 30 млн тоннасы экспортқа жіберілген.

Қазақстан көмірінің негізгі экспорттық бағыттары:
Ресей;
Польша;
Өзбекстан;
Түркия;
Үндістан;
Малайзия және өзге елдер.

2026 жылы көмір өндіру көлемін 128,9 млн тоннаға дейін жеткізу жоспарланған.

Қазір Қазақстанда көмір өндірумен 40 жер қойнауын пайдаланушы айналысады.

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі мәліметінше, салаға тартылатын инвестиция көлемі де өсіп келеді.

2025 жылы көмір саласына 305 млрд теңге инвестиция бағытталса, 2026 жылы бұл көрсеткіш 553 млрд теңгеге жетеді деп күтілуде.

Сонымен қатар биыл 10 жер қойнауы учаскесі бойынша көмір кен орындарын игеру құқығына аукцион өткізу жоспарланған.

Қазақстан көмір қоры бойынша әлемдегі жетекші мемлекеттердің бірі саналады. Ел дүниежүзінде көмір қоры бойынша 10-орында тұр.

Ресми мәліметке сәйкес, Қазақстанның жалпы көмір қоры 33,6 млрд тоннаны құрайды. Қазіргі өндіру қарқынын есептегенде, бұл қор елді 300 жылдан астам уақыт көмірмен қамтамасыз етуге жеткілікті.

Ұқсас материалдар