Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Kcell-ге 9 млрд теңге салық төлеу туралы талап қойылды

Kcell-ге 9 млрд теңге салық төлеу туралы талап қойылды

Алматы. 5 шілде. 7kun.kz – Қазақстандық ұялы байланыс операторы Kcell 9 млрд теңге салық төлеуі тиіс. Салық органдары осындай талап қойып отыр. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

«Тексеру қорытындысы бойынша компанияға 9 млрд теңге салық төлеу талабы қойылды, оның ішінде 5,8 млрд теңге төленбеген салық, 3,2 млрд теңге айыппұл мен өсімпұлдар», делінген хабарламада. Kcell бұған қарсы шағым түсірмек. Салыққа мұнша көлемде төлем жасау шешімі 2011-2015 жылдар аралығындағы қызметіне салық органы тарапынан тексеруден кейін жасалған. Айта кетейік, Kcell-дің акционері  - Teliasonera Kazakhstan Holding B.V. - 24%, Fintur Holdings (СП TeliaSonera және түркиялық  Turkcell) - 51%,  "Құнды қағаздардың Орталық депозитарийі»  АҚ– 23,29%.    

Похожие материалы