Экономика
Үкімет бензиннің Аи-92/93 маркаларының бағасын реттеуден бас тартты
ҚР Үкіметі бензиннің Аи-92/93 маркаларының бағасын реттеуден бас тартты. Бұл туралы бүгін Премьер-министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте айтты.
Сағынтаев мұның себебін дефицитті азайту мақсатында жасалғанын айтқан.
Еске сала кетейік, бұған дейін сарапшылар бензин бағасының көтерілуі, сонымен қатар жиын-терін маусымы аяқталған соң жанармай тапшылығы болуы мүмкін екендігін
айтқан еді.