Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Әлемдегі ең бақытсыз елдер белгілі болды

Әлемдегі ең бақытсыз елдер белгілі болды

Алматы. 19 сәуір. 7kun.kz – Bloomberg  жариялаған экономикалық жағдайы әлсіз елдер рейтингін Венесуэла бастайды.

Рейтинг инфляция мен жұмыссыздыққа қатысты айтылған экономистердің болжамдары негізінде жасалған. Аталған екі көрсеткіш арқылы Bloomberg елдердің бақытсыздық индексін (Misery Index) анықтады.

Бірінші орында Венесуэла. Венесуэла билігі бірнеше жылдан бері елдегі тұтыну бағаларының өсу қарқыны мен жұмыссыздық деңгейі туралы деректерді ашпауда, алайда Bloomberg сарапшылары 2019 жылы инфляция өткен жылы шамамен 930 мың пайызға қарағанда 8 млн пайыздан асады деп санайды.

Екінші орында — Аргентина. Ары қарай тізімде: Оңтүстік Африка Республикасы, Түркия, Грекия, Украина, Бразилия.

Ал, «Ең бақытты елдер» рейтингінде алғашқы үштікті кедейшілік деңгейі өте төмен Тайланд, Швейцария, Сингапур және Жапония бастап тұр.

Похожие материалы