Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Әлемдегі ең қымбат компания анықталды

Әлемдегі ең қымбат компания анықталды

Әлем. 15 маусым. 7kun.kz – Британдық Kantar нарықты зерттеу компаниясы әлемдегі ең қымбат брендтердің жыл сайынғы рейтингін жаңартты. Ол бойынша Apple әлемдегі ең қымбат компания болды, деп хабарлайды 7kun.kz.

Рейтингті Apple компаниясы бастады, оның құны өткен жылы 55%-ға өсіп, 947,1 миллиард долларға жетті. Өткен жылғы №1 Amazon үшінші орынға түсіп қалды. Оның құны 3%-ға артып, 705,6 миллиард долларға жетті. Ал рейтингте екінші орында тұрған Google өз құнын 79%-ға арттырып, 819,6 миллиард долларға дейін өсті.

Топ-10 рейтингтің қалған бөлігі:

  • Microsoft (+49%, 611,5 млрд долларға дейін);
  • Tencent (-11%, 214 млрд долларға дейін);
  • McDonald's (+27%, 196,5 млрд долларға дейін);
  • Visa (құны өзгеріссіз, $191 млрд);
  • Facebook (-18%, 186,4 млрд долларға дейін);
  • Alibaba (-14%, 170 млрд долларға дейін);
  • Lois Vuitton (+64%, $124,3 млрд).

Google және Louis Vuitton-дан басқа, өткен жылдағы ең әсерлі өсімді Cartier (+88%, 10,1 млрд долларға дейін), YouTube (+83%, 86,2 млрд долларға дейін), Tesla (+78%, 76 млрд долларға дейін), Hermes (+73%, 80,3 млрд долларға дейін доллар) және LinkedIn (+63%, 58 миллиард долларға дейін) көрсетті.

Похожие материалы