Ұлттық экономиканың жоспарлы экономикадан нарықтық қатынастар негізіндегі экономикаға өтуіне байланысты еліміздің қысқа мерзімді кезеңде әлем тамыған дамыған елдер қатарына қосылуы үшін ұзақ мерзімді стратегиялармен жақсы жасалған мемлекеттік бағдарламалардың алатын орны, жалпы экономиканы жоспарлауда еліміз үшін қажет басым салаларды дамыту бүгіндегі маңызды қызметтің бірі. Экономика ұлттың дамуының басты басымдығы, ал экономикалық өсiмнiң тұрақты дамуы және мемлекеттiң әлемдiк рыноктағы орны бүгiнгi жаһандану заманында ел экономикасының бәсекеге қабiлеттiлiгi арқылы анықталады. Сондықтан ендiгi жерде Қазақстан Республикасының және ұлттық экономика салаларының алдындағы негiзгi мiндетi бәсекеге қабiлеттi экономиканың қалыптастыру болып табылады. Мемлекеттiң бәсекелестiк қабiлетi елдiң халықаралық аренадағы ролi мен беделiнiң артуынан, мемлекеттiң өз азаматтарының өзектi проблемаларын шешу қабiлетiнен, мемлекет ұсынатын қызметтер мен өнеркәсiп өнiмдерiнiң сапасының әлемдiк деңгейде артуымен көрiнiс табады. Сондықтан мен курстық жұмысымның тақырыбын бүгінгі таңда өзекті мәсселеге айналып отырған ұлттық экономиканың болашақ дамуына байланысты болып отырған «Қазақстан Республикасының қалыптасу және даму стратегиясы» деп алдым. Бұл тақырыпты орындаудағы негізгі мақсатым Қазақсатан экономикасын экономикалық-әлеуметтік және саяси тұрақты әрі қарқынды дамуын қамтамасыз ететін ұлттық экономиканы жоспарлап, атқарылып жатқан бағдарламалардың өзектілігіне тоқталу болып табылады.
ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫ ЖОСПАРЛАУДАҒЫ ҚАЗІРГІ КӨЗҚАРАСТАР МЕН БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ
1 Бүгінгі таңда қабылданған стратегиялар мен Президент Жолдауының маңыздылығы Қазақстан Президенті өзінің «Бәсекеге қабілетті Қазақстан, бәсекеге қабілетті экономика және бәсекеге қабілетті халық» деген Жолдауында атап өткендей «экономика біздің дамуымыздың басты басымдығы, ал экономикалық өсімнің барынша жоғары қарқынына қол жеткізу – негізгі міндетіміз болып табылады. Біз бұған экономикамыздың бәсекелестік қабілетін арттыру арқылы елімізді дамытудың 2010 жылға дейінгі жоспарына сәйкес қол жеткіземіз. Мен бұл ретте мемлекттік қолдаудың оңтайлы ролі, бір жағынан, экономиканы барынша ырықтандырып, оның ашықтығына қол жеткізуде, екінші жағынан – инфрақұрылымды жасау және басым салаларды дамытуға жекеменшік салаларды дамытуға жеке меншік секторды тарту жөнінде белсене жұмыс жүргізуде деп білемін» деген еді. Елбасымыз 2005 жылы экономиканы дамытудың негізгі бағыттарына келесілерді жатқызды: • Экономиканы одан әрі ырықтандыру және жүйелі реформаларды жалғастыру арқылы бәсекелестікті дамыту мен бюрокритизациялау; • Қазақстан экономикасының ашықтығын күшейту; • Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асыру; • Ауылды дамыту бағдарламасын жүзеге асыру; • Инфрақұрылымды дамытуды ееркше атап өтті. Бұл Жолдауда үкімет ырықтандыру мен табиғи монополиялар салаларын: телекомуникацияларды, элект энергиясын, темір жолдарды қайта құрылымдау бағытындағы жұмысты жандандыруы керек. Біздің ұлттық экономикамыздың бәсекеге қабілеттігіне оны әлемдік экономикаға интеграцияланған жағдайда ғана қол жеткізе аламыз. Сондықтан да Қазақстан Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіруі және оның талаптарына сай болуы қажетті. Өйткені сауда ұйымына кірісімен біздің отандық өндіріс салалары бәсекеге төтеп бере алмай жаппай құлдырауға ұшырауы мүмкін. Сонлықтан жедел түрде ұлттық шаруашылықтың бәсекеге қабілетін арттыру қажеттігі туындап отыр, ол үшін өнеркіптің өңдеуші жоғары технологиялы салаларын дамыту күн тәртібіндегі шешуді қажет ететін мәселенің бірі екені бәрімізге белгілі. Ал мұны шешудің бірден бір жолы ұлттық экономиканы индустриялы-инновациялы ел ретінде қалыптастыру, отандық өнеркәсіп өнімдерінің шикізатқа тәуелділігінен құтылуға жол ашу болып табылады. Сонымен қатар еліміздегі әлеуметтік сала мемлекетіміз үшін басымдықтар қатарында болып келді, оны шешуді соңғы жылдары жаппай қолға ала бастады. Оған мысал ретінде Елбасымыздың биылғы жылғы 18 ақпандағы кезекті «Қазақстан экономикалық, әлеуметттік және саяси жедел жаңару жолында» деген халыққа Жолдауында «Қазақстан өз азаматтары үшін өмір сүрудің жоғары стандарттарын жасай отырып, әлемнің тиімді дамып келе жатқан елдерінің қатарына қосылуға тиіс. Біз бұны ұлтымыз бен экономикамыз бәсекеге қабілетті болған жағдайда ғана істей аламыз». Осы Жолдау негізінде еліміздің әлеуметтік саласына, атап айтқанда XXI ғасыр деңгейінде білім беруде жоғары технологиялық және ғылыми негізде өндіріс үшін кадрлар қорын жасақтауды, әрбір Қазақстандық жоғары білім алуға нақтылы мүмкіндік жасауға, білім беруге гранттардың мөлшерін 50 % арттыруға, оқытушы ұстаздардың жағдайларын жақсартуға, 2008 жылдан бастап 12 жылдық білім беруге көшуге ұсыныс жасалды. Сонымен қатар Жолдауда ана, бала, аға ұрпақ мәселесіне ерекше көңіл бөлінетіндігін, балалардың және аналардың өмірінің лайықты қамтамасыз етілуіне жағдай жасауды атап өтті. Еліміздегі тұрғын үй мәселесі бойынша Елбасымыз биылғы жылдан бастап тұрғын үй құрылысы бағдарламасын жүзеге асыратынын, тұрғын үй құрылысы біздің экономикамызды алға сүйрейтін қуатты күшке айналдыратынын анық айтты. Жолдауда биылғы жылдан бастап іс жүзінде әрбір отбасының мүддесіне игі ықпалын тигізетін 2005-2007 жылдарға арналған Әлеуметтік реформаларды одан әрі тереңдету бағдарламасын іске асыра бастады. Биылғы жылы 1 шілдеден бастап бюджет саласының қызметкерлерінің жалықысын орта есеппен 32 пайыз көтеруді, ал 2007 жылдан бастап орта есеппен 30 пайыз көтеру, сонымен қатар 1 шілдеден бастап ең минималды жалақы деңгейі 9200 теңге құрап, студенттердің степендияларын екі жарым еседей көтеретіндігін баса айтты. Осыдан көретініміз ұлттық экономикамыздың экономикалық-әлеуметтік дамуы жылдан-жылға қарқынды даму үстінде болып келетіндігінде. Егер осыдан он жыл бұрын жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім жеті жүз доллардан ғана асса, 2004 жылы бұл көрсеткіш 2700$-ға жетті, ендеше 2005 жылы жан басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 3000$-ға жетеді деген шама бар. Ал экономикалық даму қарқынымыз тұарқты болып отырса, онда 2010 жылы жан басына шаққандағы ЖІӨ 5800$-ға жетіп, ол қазіргі Венгрия, Малайзия, Польша елдерінің бүгінгі деңгейіне жетер еді. Осылайша 2015 жылы шамамен ЖІӨ 9000$-ға жеткізуге шамамыз бар деп атап көрсетті елбасымыз. Еліміздің даму жоспарында 2000 жылы ЖІӨ көлемін 2010 жылы екі есе ұлғайтуға жоспарлаған болатын, ал экономикамыздың тұрақты дамуы бұл шамаға жоспардан бұрын 2008 жылы жету сенімі бар. Әрине бұл жас Қазақстан Республикасы үшін зор жетістіктер болып табылады. Бүгінгі ТМД елдері ішінде Қазақстанның Қаржы жүйесінің дамуы және жалпы экономикалық белсенділігі жағынан алғашқы орынды иеленді. Бұл өз кезегінде өткен жылдардағы экономикалық реформалардың, экономикалық жүргізілген саясаттардың, Қаржы жүйесін реформалаудың тиімді жүргізіліп, өз жемісін берудің кепілі деп түсінеміз. Еліміздегі ақша реформасы Қазақстанда одан ары жалғасын таба үстінде. 1998 жылы теңгенi еркiн қалқымалы рынокқа жiбердiк. Әрине бұл кездерде елiмiзде инфляция деңгейi бiршама төмендеген кездер едi. Сондай-ақ айналыста iрi ақшалар қажеттiгi туындауына байланысты соңғы жылдары айналысқа 5000 және 10000 теңгелiк ақшалар да шыға бастады. Бұған бiрден-бiр есеп елiмiздiң экономикалық жағдайынын тұрақтала бастағанынан және халықтың табысының өскендiгiнен болып отыр. Бүгiнгi таңда елiмiздегi инфляция деңгейi 6-7%-ды құрап келедi. Әрине бұл да болса бiздiң ұлттық валютамыздың күннен-күнге нығайған белгiсi деп айтсақ болады. Сонымен Қазақстанның ұлттық валютасы теңге соңғы жылдары тұрақты төлем құралы ғана болып қалмай, еркiн алмастырылатын валюталарға шексiз айырбасталады және бүгiнгi таңда теңгемiздiң тұрақтылығы, сондай-ақ АҚШ долларына қарағанда нығаюда көрiнiп отыр. Әрине бұл жетiстiктер елiмiздiң қаржы және ақша реформаларын тиiмдi жүргiзiп, ТМД елдерi деңгейiнде елiмiздiң қаржы секторының ең қолайлы реформаланғанын көрсетiп отыр. Қазақстанның экономикалық потенциялын өзге де шетелдермен салыстырсақ елiмiзде өнеркәсiптi дамытуға барлық жағдайлардың және мүмкiншiлiктердiң бар екендiгi белгiлi. Оларды атап өтсек: шикiзат қорларының молдығы, еңбек ресурстары мен бiлiмдi және интелектуалды мамандардың жеткiлiктiгi, жаңа өндiрiстер құру үшiн аймақтардың кеңдiгi, географиялық жағынан орналасу тиiмдiлiгi (Азия мен Еуропаға қақпа ретiнде болу), iшкi және сыртқы нарыққа шығудағы бiрқатар артықшылықтары – мұның бәрi өнеркәсiп салаларын, соның iшiнде өңдеумен айналысатын кәсiпорындардың алдында жаңа мүмкiндiктер ашады. Әрине, жас отандық өнеркәсiптiң қарқынды дамуына кедергi келтiрiп отырған мәседлелерде жоқ емес. Бүгiнде елiмiзде осы мәселелердi шешу үшiн жан-жақты қызметтер iске асуда. Ұлттық экономиканың бәсекеге қабiлеттiлiгiнiң дамуында келесiдей басты мәселелердi атап өтсек болады: • Отандық өнеркәсiп кәсiпорындарының сыртқы және iшкi инвестицияларға мұқтаждығы, мемлекет бюджетiне тәуелсiз даму үшiн өз қаржыларынан құралатын амортизациялық, сақтандыру, резервтiк, даму қорларын құра алмай отырғандығы; сондай-ақ шетелдiк тiкелей инвестициялардың 80% тек қана шикiзат өндiру саласына салынуы, ал бәсекенiң негiзi болып табылатын өңдеушi салаға және ғылыми зерттеу жұмыстарына бар жоғы 15% инвестиция тартылуда; • Елiмiздiң өтпелi экономика кезiңдегi жекешелендiру мен мемлекет иелiгiнен алуда жiберiлген қателiктер осы кезге дейiн экономика дамуына керi әсерiн тигiзуде; • Отандық кәсiпорындардағы өндiрiс құрал –жабдықтарының табиғи және моралдық жағынан тозығы жеткен негiзгi қорлардың үлес салмағының 80% көлемiнде болуы; • Жаңа техника мен технологияны, шикiзат пен комплект бұйымдарын импорттау өндiрiс шығындарының артуына әсерiн тигiзедi, соның салдарынан өнiм бағасы қымбаттап, отандық өнiмдер бәсекеге шыдай алмай отыр; • Өнеркәсiп салалары арасындағы салааралық, салаiшiлiк компаниялар мен фирмалардың аздығы, кластерлiк жүйенiң толық қанды дамымауы; • Өндiрiстiк инфрақұрылымның жетiлмеуi, сонымен бiрге, өнеркәсiпте қызмет көрсетушi әр түрлi инжинирингтiк, инновациялық, маркетингтiк, консалтингтiк құрылымдардың жай ғана қызметтерден аса алмауы; • Жалпы ұлттық өнеркәсiптердi және ауыл шаруашылығының бәсеке қабiлеттiлiгiн арттыру мақсатында ондағы кәсiпорындарды қаржыландырудың толық жетiлмеуi, соның iшiнде лизингтiк несиелеудiң ауылшаруашылығында дамымай отыруы. Мiне осы мәселелердi шешiп, дамудың тиiмдi жолы болып табылатын бәсекелi экономиканы қалыптастыру бүгiнде елiмiз алдындағы басты қызметтiң бiрi екенi дау тудырмайды. Осы мәселені шешудің басты жолы отандық өнеркәсіпті инновациялы дамыту болып табылады. Енді осыған келесі тарауда кеңінен тоқталайық.
2 2003-2015 жылдарға арналған Индустриялы-нновациялы даму бағдарламысының ұлттық экономиканың тиімді дамуындағы орны Қазақстан Республикасында бүгiнгi таңда экономикалық дамуында ғылымды көп қажет ететiн отандық өндiрiстi дамыту, бәсекеге қабiлеттi өнiмдердi алуға бағдарланған жаңа ақпараттық технологияларды әзiрлеу мен игеру және республиканың өнеркәсiп пен ғылыми-техникадағы әлеуетiн сақтау мен дамыту есебiнен ұлттық экономикалық қауiпсiздiң мүдделерiн қамтамасыз ету Қазақстан экономикасының өзектi стратегиялық мiндеттерi болып табылады. Қазақстанның ғылыми-техникалық саясаты инновациялық процестердi жандандыруға, жаңа технологиялық құрылымдарды енгiзуге, өңдеушi өнеркәсiптегi жаңа қайта бөлiстердi игеру, ұлттық ғылыми-техникалық әлеуеттi жандандыруға, ғылым мен өндiрiс арасындағы алшақтықты азайтуға, индустриялық қызметтi ынталандыруға, озық шетел технологиясының нақты трансфертi мен халықаралық стандарттарды енгiзудi қамтамасыз етуге бағытталуы керек. Ғылыми-техникалық салада кәсiпкерлiк секторды қалыптастырмай инновациялық қызметтi дамыту мүмкiн емес. Соңғы жылдар iшiнде өнеркәiсп өндiрiсi көлемiнде және жұмыспен қамтылу санында шағын бизнес секторының үлесi өзгерiсi шамалы болып отыр және тиiсiнше өнеркәсiпте 2,8-3,2%-ды, ал жұмыспен қамтуда 12,4-14,0% -ды қамтып отыр. Бұл көрсетiлген шамалар индустриясы дамыған елдердегiден бiрнеше есе аз. Яғни елiмiз осы мәселелердi шешiп жоғары бәсекеқабiлеттi алдынғы қатарлы елдер санатына қосылуы үшiн, тұрақты экономикалық өсудi және экологиялық тиiмдi өндiрiстi қамтамасыз ету мақсатында “Қазақстан Республикасының Индустриялы-инновациялы дамуының 2003-2015 жылдарға арналған ұзақ мерзiмдi стратегиясын қабылдады және ол алғашқы жылдан бастап оң нәтижелер бере бастады. Сондай-ақ Елбасымыз биылғы жылы “Бәсеке қабiлеттi Қазақстан”, “Бәсекеқабiлеттi экономика” және “Бәсекеқабiлеттi халық” деген Қазақстан халқына Жолдауында, елiмiз үшiн өзектi мәселелердiң бiрi Индустриалды-инновациялық стратегияның негiзгi бағыттарын атап көрсеттi. Стратегияның негiзгi мақсаты – бәсекелестiкке шыдайтын, импорт алмастырушы және экспортқа бағытталған тауар шығаратын өнеркәсiптер құрып, қызмет көрсету саласын мығымдау. Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына сәйкес бiз экономиканың шикiзаттық бағытынан арылып, Қазақстанның индустрияландыруының тездетуге, машина жасау мен өнеркөсiп жабдықтарын шығаруды жолға қоюға тиiспiз. Яғни инновация – негiзгi қозғаушы күш болмақ. Ендi осы тұрақты экономикалық өсудiң бүгiнгi таңдағы ең негiзгi қозғаушы факторы болып отырған Индустриялы-инновациялы даму стратегиясының мақсаты мен мiндеттерi туралы тоқталып өтсем. Стратегияның басты мақсаты шикiзат бағытынан қол үзуге ықпал ететiн экономика салаларын әртараптандыру жолымен елдiң тұрақты дамуына қол жеткiзу; ұзақ мерзiмдi жоспарда сервистiк-технологиялық экономикаға өту үшiн жағдай жасау болып табылады. Өңдеушi өнеркiсiпте және қызмет көрсету саласында бәсекеге түсуге қабiлеттi және экспортқа негiзделген тауарларды , жұмыстар және қызмет көрсетулер өндiрiсi мемлкеттiк индустриялық-инновациялық саясаттың басты нысанасы болып табылады. Дүниежүзiлiк экономиканың ғаламдануы аясында Қазақстанның қазiргi таңдағы экономикасының дамуында мынадай мәселелер орын алуда: • экономиканың бiр жақты шикiзат бағыттылығы; • әлемдiк экономикаға ықпалдасудың әлсiздiгi; • ел iшiндегi салааралық және өңiраралық экономикалық ықпалдасудың босаңдығы; • iшкi рынокта тауарлар мен қызметтерге тұтыну сұранысының мардымсыздығы (шағын экономика); • өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылымның жеткiлiктi дәрежеде дамымауы; • кластерлiк желiлердiң дамымауы, яғни кәсiпорындардың бiр орталыққа шоғырланбауы; • мұнай-газ және кен-металургиялық кешенге жатпайтын экономика саларында негiзгi қорлардың тез тозуы; • кәсiпорындардың жалпы техникалық және технологиялық артта қалушылығы; • ғылыми зерттеу және тәжiрибелiк-констукторлық жұмыстарға (ҒЗТКЖ) қаржының аз бөлiнуi; • ғылым мен өндiрiс арасында ұтымды байланыстыболмауы; • мамандарды және жұмысшы кадрларды даярлау мен қайта даярлаудың қазiргi заманғы жүйесiнiң болмауы; • экономиканың өңдеушi секторларына инвестициялар салуға отандық қаржы институттары үшiн ынталандыру көздерiнiң болмауы; • ЖIӨ-нiң 1 долларына электр энергиясының жұмсалу деңгейi бойынша, сондай-ақ экономика салаларындағы еңбек өнiмдiлiгi бойынша кейбiр индустриялдық дамыған елдерден 7-10 еседен астам артта қалып отырмыз; • Қазақстан кәсiпорындарының негiзгi қорлары құлдырау алдында, 2001 жылдың басында негiзгi құралдардың тозу дәрежесi орта есеппен 29,7% құрады. Ал бұл ел экономикасының бәсекеге түсу қабiлетiнiң төмендеуiне душар етедi. Егер Қазақстанда ЖIӨ-нiң 1 долларын өндiруге 2,8 киловатт сағат жұмсалатын болса, Ұлыбритания, Германия, Италия және Жапония сияқты елдерде бұл көрсеткiш 0,22 – 0,3; АҚШ, Франция, Түркия, Кореяда – 0,4-0,6; Канада мен Қытайда – 0,8-1,2 киловатт сағатты құрайды. Осы мәселелердi шешу қызметi барысында стратегияның келесi мiндеттерiн атап өтсе болады: Стратегияның мiндеттерi: • өңдеушi өнеркәсiпте орташа жылдық өсу қарқынын 8-8,4% мөлшерiнде қамтамасыз ету, 2000 жылмен салыстырғанда 2015 жылы еңбек өнiмдiлiгiн кемiнде 3 есе арттыру және ЖIӨ энергия сыйымдылығын 2 есе төмендету: • өңдеушi өнеркәсiптiң негiзгi қорларының өнiмдiлiгiн арттыру; • кәсiпкерлiк құрылымды қалыптастыру; бәсекелестiк артықшылықты жетiлдiретiн қоғамдық институттарды қамту; қосылған құнға барынша қол жеткiзе отырып, нақты өндiрестерде қосылған құн тiзбегiндегi элементтердi итеру; • ғылымды көп қажет ететiн және жоғары технологиялық экспортқа негiзделген өндiрiстер құруды ынталандыру; • сапаның әлемдiк стандартына көшу; • дүниежүзiлiк ғылыми – техникалық және инновациялық процестерге қосыла отырып, өңiрлiк және дүниежүзiлiк экономикамен ықпалдасуды күшейту. Осы стратегияны iске асыру мерзiмi 2003-2015 жылдарды қамтиды және ол даму барысында келесiдей кезеңдерден тұрады: 1-шi кезең – 2003-2005 жылдар, басты түрде дайындық сипатындағы iс-шараларды жүзеге асыруға байланысты болады. Стратегияны табысты түрде iске асыру мақсатында ҚР-ның қолданыстағы заңнамаларына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу, инвестициялық және инновациялық жобаларға мемлекеттiң қатысуын қамтамасыз ететiн мемлекеттiк институттар құру. 2-шi кезең – 2005-2010 жылдар, стратегия iс-шараларын экономиканың барлық салаларында белсендi iске асыру кезеңi болады. Ғылыми-инновациялық инфрақұрылым негiзiнен қалыптасатын болады. 3-шi кезең – 2010-2015 жылдар, стратегияны iске асыру бөлiгiнде аса өнiмдi болады. Осы кезеңде iске қосылған қуаттарды және жаңа салалар мен рыноктардағы ҚҚТ дамыту жүзеге асатын болады. Тауарлар мен қызметтер өндiрiсiнiң және экспортаудың өсу қарқыны мұнай мен газ өндiрудiң өсiмiнен асып түседi. Экономика салалары мен экспорт құрылымын әртараптандыру жүредi. Күтiлетiн нәтижелер: Индустриялық-инновациялық саясатты белсендi жүргiзу экономиканың өсу қарқынын жылына 8,8-9,2% қамтамасыз етедi. Бұл 2000 жылмен салыстырғанда 2015 жылы ЖIӨ көлемiн 3,5-3,8% еседей ұлғайтуға мүмкiндiк бередi. Бұдан басқа өңдеушi өнеркәсiпте орташа жылдық өсу қарқынын 8-8,4%-ке дейiн жеткiзуге, 2000 жылмен салыстырғанда 2015 жылы еңбек өнiмдiлiгiн кемiнде 3 есе арттыруға және ЖIӨ энергия сыйымдылығын 2 есе төмендетуге мүмкiндiк бередi. ЖIӨ құрылымында ғылыми және ғылыми инновациялық қызметтiң үлестiк салмағын 2000 жылғы 0,9%-тен 2015 жылы 1,5-1,7%-ке арттыруға мүмкiндiк беру.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қорыта келгенде, елiмiзде жүргiзiлген барлық экономикалық шаралар өз өнiмiн берiп, мығым экономикалық өсуге қол жеткiздiк. Ендi өткен шаралардың кемшiлiгiн түзеп, дамыған ел қатарына қосылу үшiн әлем жүрiп өткен жолдарды саралап, ұлттық экономикаға тиiмдi жағын таңдап алу және соған жету үшiн рыноктық қатынастардың заңдылықтарын, қызмет ету механизмiн саралап оларды ұлттық экономика дамуына қолдана бiлсек, бұл бiздiң дамып келе жатқан елiмiз үшiн маңызды болып табылады. Елiмiздiң рыноктық экономикаға өтуне байланысты рынок құрылымдары күрделене түстi. Олардың iшiнде ұлттық экономикамызда атап өтетiн болсақ, соңғы он төрт жылда экономиканы жекешелендiру толық қанды жүргiзiлдi, соның нәтижесiнде рынокта қызмет ететiн кәсiпкерлiк қызмет даму үстiнде және экономиканың тұрақты және тиiмдi дамуын қамтамасыз ететiн шағын бизнестiң дамуы да жаман емес. Сонымен қатар, елiмiзде бүгiнгi таңда қаржы рыногы өте жақсы дамып, ол ТМД елдерi арасында ең жақсы қалыптасқан және қызмет етiп отырған қаржы рыногы болып табылады. Тағы да елiмiз экономикасында ауыл шаруашылығын реформалау, олард қолдау шаралары, еңбек рыногының қызметi, бағалы қағаздар рыногы, қор рыноктары тиiмдi даму үстiнде. Сондай-ақ ұлттық экономиканың тұрақты дамуына және елiмiздiң әлем таныған алдыңғы қатарлы елдер санатына қосылуына ең басты қажеттi саясат ұлттық шаруашлық құрылымының қызмет етуiнiң тиiмдiлiгiн арттыру болып табылады. Экономиканың негiзгi секторы болып саналатын өнеркәсiптi қайта және жанама индустрияландыру уақыт талабы болып отыр. Себебi, өнеркәсiп кез-келген мемлекет экономикасының түп қазығын құрайды десек, оны жоғары деңгейге көтеру үшiн инновациялық-инвестициялық ресурстармен қамтамасыз ету бәсекеге қабiлеттi тауар өндiруге мүмкiндiк берерi сөзсiз. Осындай инновациялық-идустриялық жоғары бәсекеқабiлеттi алдынғы қатарлы елдер санатына қосылу үшiн, тұрақты экономикалық өсудi және экологиялық тиiмдi өндiрiстi қамтамасыз ету мақсатында “Қазақстан Республикасының Индустриялы-инновациялы дамуының 2003-2015 жылдарға арналған ұзақ мерзiмдi стратегиясын қабылдады. Стратегияның негiзгi мақсаты – бәсекелестiкке шыдайтын, импорт алмастырушы және экспортқа бағытталған тауар шығаратын өнеркәсiптер құрып, қызмет көрсету саласын мығымдау. Осылайша бүгiнгi таңда экономиканың жан-жақты және бәсекеге қабiлеттi дамуы ол бiздiң экономикамыздың қаншалықты рыноктық қатынастарды тиiмдi ұйымдастыруына байланысты болып табылады. Сондықтан бiз жастар бүгiннен бастап экономикалық теория толық меңгерiп, ондағы жалпы экономиканың қызмет етуi мен рыноктық экономиканың механизмдерiн толық игерiп, оларды отандық экономиканың дамуына үлес ретiнде қосуға ұмтылуымыз керек.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Н.Ә. Назарбаев. «Қазақстан – 2030» Қазақстан халқына Жолдауы. 2. Н.Ә.Назарбаев. “Бәсеке қабiлеттi Қазақстан”, “Бәсекеқабiлеттi экономика” және “Бәсекеқабiлеттi халық” деген Қазақстан халқына Жолдауы. // Егемен Қазақстан, 19 наурыз, 2004 ж. 3. Н.Ә.Назарбаев. «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» Жолдау, Астана, 2005 жылғы 18 ақпан. – Егемен Қазақстан, 1 наурыз. 4. Кенжеғали Сағадиев “Бәсекеге қабiлеттiлiктi өзiмiз жасауымыз керек” // Егемен Қазақстан, 2004 ж. 5. Стратегия / “Қазақстан Республикасының Индустриялы-инновациялы дамуының 2003-2015 жылдарға арналған ұзақ мерзiмдi стратегиясы” – Алматы, 2003 ж. 6. Әбдiжапар Сапарбаев “Инновация – негiзгi қозғаушы күш” // Егемен Қазсқстан, 24 наурыз, 2004 ж. 7. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi № 004 баспасөз релизi 205 13 қаңтар // Банки Казахстана №1 2005г. 8. К.Б. Блеутаева «Кәсiпкерлiктiң жаңа формаларын ынталандырудағы мемлекеттiң ролi» //Аль-Пари, 2003, №3-4. 9. 2004 жылдың алдын ала қорытындылары туралы статистикалық мәлiметтер // Банки Казахстана, №1, - 2005 г. 10. Статистика 1991-2001, десять лет независима Казахстана. Алматы. - 2002г.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024