Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 12%-ға көтерді

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 12%-ға  көтерді

Алматы. 10 наурыз. 7kun.kz - Бүгін Ұлттық банк базалық мөлшерлеменің деңгейі бойынша кезектен тыс шешім қабылдады.

ҰБ хабарлауынша бүгіннен бастап, базалық мөлшерлеме пайыздық дәлізді +/- 1,5 пайыздық тармаққа дейін кеңейтіліп, жылдық 12 пайыз деңгейінде белгіленді.

«Базалық мөлшерлемені арттыру туралы шешім әлемдік экономикадағы ахуалдың күрт өзгеруіне қарай қабылданды. COVID-19 короновирусының таралу ауқымының айтарлықтай кеңеюі қазақстандық экспортты негізгі тұтынушы Қытай және Еуропалық одақ сияқты елдердің экономикалық даму перспективаларының нашарлауындағы негізгі факторға айналды. Brent сұрыпты мұнай бағасы 2020 жылғы 9 наурызда ОПЕК+ отырысына қатысушылардың мұнай өндіруді қысқарту бойынша мәміленің талаптары туралы уағдаластыққа келе алмауы нәтижесінде күрт төмендеді. Оның белгіленген бағасы бір күнде 30 пайыздан аса барынша көп төмендеп, бір баррель үшін 31-36,5 АҚШ доллары деңгейінде болды», - делінген Ұлттық банк хабарламасында.




Похожие материалы