Алматы. 18 ақпан. 7kun.kz – Ұлттық Банк 2019 жылғы 18 ақпаннан бастап 7 күндік қайтару мерзімі бар депозиттік аукциондарды өткізе бастайды және 7 күндік қысқа мерзімді ноттарының аукционын өткізуді тоқтатады, - деп хабарлайды бас банктің баспасөз қызметі.
Депозиттік аукционды бастаумен тұрақты қолжетімділік операцияларының шеңберінде 7 күндік депозиттерді тарту да тоқтатылады.
Депозиттік аукцион өтімділікті алу үшін ақша-кредит саясатының ашық нарығы операцияларының негізгі құралы болып табылады.
Бұл өзгерістер Ұлттық Банктің ақша-кредит саясатының трансмиссиялық тетігінің пайыздық арнасының тиімділігін арттыруға бағытталған.
Депозиттік аукциондар ақша-кредит саясатын іске асыру шеңберінде Ұлттық Банктің аукциондарды өткізу қағидаларына сәйкес өткізілетін болады.
Похожие материалы
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024